Аманкелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аманкелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Аманкелді ауданы әкімдігінің 11 желтоқсандағы № 253 «Аманкелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті» туралы қаулысын қарай отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бірінші қосымшаға сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) түсімдер - 603289 мың теңге, оның ішінде : салықтық түсімдер - 89959 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 92 мың теңге; облыстық бюджеттен бөлінетін субвенция - 385487 мың теңге; ағымдағы трансферт — 127751 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 603289 мың теңге.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге көзделген қаржы есебінен табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеу шығындары кемінде 48013 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет трансферттері есебінен 45187 мың теңге, аудандық бюджет қаржылары есебінен 2826 мың теңге көзделуге тиістігі ескерілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттің 2007 жылға арналған бюджетінің кірістерінде мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер 63205 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған облыстық бюджетте ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге еңбек ақыларын көтеру үшін 25 пайыз көлемінде үстеме ақы қаралғаны ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджеггі дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 10. Амангелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 212 шешіміне 1-қосымша Амангелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 11. 2006 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 212 шешіміне 2-қосымша 2006 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 12. Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетінің аудандық бюджетінде атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 212 шешіміне 3-қосымша Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетінің аудандық бюджетінде атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі