Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста
Басқа 0
Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Жангелдин ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстай Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған Жангелдин ауданының бюджеті 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 618 438 мың теңге;
түсімдер бойынша - 84 020 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 83 382 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 430 мың тенге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 208 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттер - 123 886 мың теңге;
субвенция - 410 532 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 618 438 мың теңге.
Тармақ 2
2. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік көмекке - 40577 мың теңге қаралып, оның ішінде 38380 мың теңге республикалық трансферттер есебінен, 2197 мың теңге жергілікті бюджет есебінен бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2007 жылға ағымдағы нысаналы трансферттер облыстық бюджеттін есебінен жалақынын өсуіне - 67922 мың теңге қаралып бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға ағымдағы нысаналы трансферттер облыстық бюджеттің есебінен автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етуге - 17854 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға ауданға бөлінген субвенция есебінен:
- білім беру ұйымдарына күрделі жөндеуге және материалдық-техникалық базаны нығайтуға - 19377 мың теңге;
- сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 977 мың теңге;
- аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге - 10289 мың теңге қаржы бөлінсін.
Тармақ 6
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві - 742 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылға бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Жангелдин ауданының бюджеті есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Жангелдин ауданының село (ауыл) әкімдері аппараттарына 2007 жылға арналған бюджет көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Жергілікті бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптамалар жасау үшін - 800 мың теңге қаралып, 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14
Басқа 15
Басқа 16
Басқа 17
Басқа 18