О ставках платы за выбросы (сбросы) загрязняющих веществ размещение (хранение, захоронение) отходов производства и потребление в окружающую среду на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2007 жылға арналған төлем ставкалары туралы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" туралы Кодексіне (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2007 жылға арналған төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-19 "Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2007 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы" шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 10 желтоқсандағы N 24-16 "Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2006 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы" шешімі (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде 2005 жылы 15 желтоқсанда № 2952 тіркелген, 2005 жылы 22 желтоқсанда N 153 "Орал өңірі" облыстық газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2007 жылға арналған төлем ставкалары
2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 34-1 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2007 жылға арналған төлем ставкалары Ластану түрлері төлемдер ставкалары (теңге) Стационарлық көздерден ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны) үшін төлем (1 шартты тонна үшін): а) атмосфераға ластағыш заттарды шығару б) ластағыш заттарды тастау: - су объектілеріне - жинағыштарға - сүзу жолдарына, жер қойнауына - жер рельефтеріне 2400 7000 3500 5000 6300 Жылжымалы көздерден атмосфераға ластағыш заттарды шығару (жағылған отынның 1 тоннасы үшін): а) этилденбеген бензин үшін б) этилденген бензин үшін в) дизелді отын үшін г) сұйық газ үшін д) сығымдалған газ үшін 1400 460 470 300 200 Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын олардың улағыштық дәрежесіне қарай қоршаған ортаға орналастыру (сақтағаны, көмгені) (1 тонна үшін): - 1 сынып - 2 сынып - 3 сынып - 4 сынып - 5 сынып 7100 3600 900 450 230