Об организации оплачиваемых общественных работ в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасын, 20 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 7, 8 тармақтарын, жұмыс орнын іздеу барысында қиындық көретін жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылда Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, Степногорск қаласының ұйымдарында, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде тіркеуде тұрған жұмыссыз адамдары үшін ақы төленетін қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес 2007 жылғы Степногорск қаласы мен Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде ұйымдар мен ақы төленетін қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кенттер мен селолық округінің әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркелген күніне сәйкес жұмыссыздарды кезек тәртібімен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуін жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) бірінші кезекте мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды жіберсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны жүзеге асыру үшін басқа да шараларды қолдансын.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысудың мерзімі 6 айға дейін болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджетінен ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 6
6. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Степногорск қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № ә-8/794 «2006 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 6 қаңтарында № 1-2-32 тіркелген, 2006 жылдың 23 ақпанында № 8 «Престиж» газетінде жарияланған);
Тармақша 2
2) Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № ә-4/198 «Степногорск қ. әкімдігінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № ә-8/794 «2006 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 7 сәуірінде № 1-2-40 тіркелген, 2006 жылдың 20 сәуірінде № 2 (2) «Степногорск ақшамы» газетінде жарияланған).
Тармақ 7
7. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д.Р. Қадыровқа жүктелсін.
Басқа 14
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № ә-23/725 қаулысына қосымша 2007 жылғы Степногорск қаласында, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде, Қарабұлақ селолық округінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбесі № Кәсіпорынның атауы Төленетін жұмыстардың түрлері 1. Горкоммунхоз Қала аумағын тазалау, аймақты экологиялық сауықтыру мен абаттандыру 2. Степногорск қ. бойынша ішкі істер бөлімі Табысы аз отбасыларды зерттеу, шақыру қағаздарын беру 3. Степногорск қ. дене тәрбиесі және спорт бөлімі Жаппай спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін көмек көрсету 4. «Батыр» БЖК 5. Степногорск қ. ішкі саясат бөлімі Қоғамдық пікір сауалнамасы, аймақта социологиялық және саяси зерттеулерді өткізу 6. Степногорск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік карталардың мониторингі» атты республикалық бағдарламаның орындалуы бойынша табысы аз азаматтарды зерттеу және учаскелік комиссиясындағы жұмыс 7. «Жатақхана» ЖШС Аулалық қлубтарда балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу 8. «Надежда» ПИК 9. Ақсу кенті әкімінің аппараты Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты тазалау, аулалық қлубтарда балалармен жұмыс істеу, мәдениет бағытындағы іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне көмек көрсету, жалғыз басты егде азаматтар мен мүгедектерге жәрдем көрсету, кәмелетке толмағандардың арасында алдын алу жұмысы, әлеуметтік карталарды толтыруда көмек көрсету, жеке парақтар мен тыс қағаздарды ауыстырып, кітаптарды қалпына келтіру 10. Заводской кенті әкімінің аппараты 11. Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты 12. Бестөбе кенті әкімінің аппараты 13. Қарабұлақ с/о әкімінің аппараты 14. Степногорск қ. әкімінің аппараты Түрлі құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық жұмыстарды өткізуде көмек көрсету, жеке парақтар мен тыс қағаздарды ауыстырып, кітаптарды қалпына келтіру 15. Степногорск қ. мемлекеттік мұрағаты 16. Степногорск қ. қалалық қазынашылық бөлімі 17. Степногорск аймағы бойынша қаржы полициясының аудан аралық бөлімі 18. Степногорск қ. құрылыс бөлімі 19. Степногорск тарихи-өлкетану мұражайы 20. Степногорск қ. прокуратурасы 21. Степногорск ЗТЖМО бөлімшесі 22. Қалалық орталық кітапхана 23. Қалалық статистика бөлімі 24. Степногорск қ. әділет басқармасы Халықты құжаттау бойынша техникалық жұмыстарды өткізуде көмек көрсету 25. Степногорск қалалық сот Жеке тұлғаларға соттық шақыру қағаздарын беру 26. Степногорск қ. қорғаныс істері жөніндегі бөлім Шақырушыларға шақыру қағаздарын тарату мен беру, ұйымдар бойынша сұрауларды жіберу, шақыру учаскесіне тіркелуге жататын шақырушылардың жеке іс қағаздарын ресімдеу 27. Горняк ОМС Мәдениет бағытындағы жаппай іс-шараларды ұйымдастыру үшін жәрдемдесу 28. Достық және шығармашылық үйі 29. «Мирас» МҮ 30. Қалалық емхана Есерткіні инъекция арқылы пайдаланушылардың арасында алдын алу жұмыстарын өткізуде көмек көрсету