О бюджете Денисовского района на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 2006 жылдың 8 желтоқсандағы Қостанай облыстық мәслихатының № 378 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне сәйкес және Денисов ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 15 желтоқсандағы № 434 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджетінің жобасы туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті» № 1 қосымшаға сәйкес, келесі көлемінде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер 642575 мың тенге, оның ішінде:
салықтық түсімдері - 229910 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 450 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 500 мың тенге;
трансферттер түсімдері бойынша - 411715 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 642575 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
Тармақша 6
6) профицит-0;
Тармақша 7
7) бюджет профицитін пайдалану - 0»;
Тармақ 2
2. Аудан бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін: жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың мүліктеріне арналған салықтары;
жер салығы;
біріңғай жер салығы;
заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
бензинге арналған акциздер (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизельдік отын;
жер учаскелерін пайдалынғаны үшін төлем;
жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеу үшін алым;
жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; заңды тұлғалардан мемлекеттік тіркеу үшін алым;
аукциондардан алым;
заңды тұлғалардан мемлекеттік тіркеу үшін алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерін мемлекеттік тіркеу ушін алым;
жылжымайтын мүлікке құқықы мемлекеттік тіркеу, олармен мәміле жасау үшін алым;
жылжымалы мүлік кепілінің мемлекеттік тіркеу үшін алым;
елді-мекендерде және жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлем;
республикалық бюджетте есепке алынатын мемлекеттік баждардан және консульдік жинақтардан баска, мемлекеттік баж;
коммуналдық жеке меншіктерден түсетін түсімдер: аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің шешімдері бойынша кұрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіп орындардың таза түсімдері бөлігінің кірістері;
ауданның (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
аудан бюджетінен бөлінген несиелер бойынша (мүдделер) сыйақылар; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да түсімдері;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
аудандық (облыстық маңызы бар кала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер;
аудандық (облыстык маңызы бар қала) бюджеттен каржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін ақшалар;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріннен басқа жер учакелерін сатудан түсетін түсімдер;
Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алатын қарыздардан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі мемлекеттің каржы активтерін сатудан, аудандық облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген несиелерді өтеуден түсетін түсімдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне есепке алынады.
Тармақ 3
3. Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы №378 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» сессиясы шешімімен белгіленгендері мәліметке алынсын:
облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 2007 жылға арналған субвенциялар көлемі 269373 мың теңге сомасында;
аз қамтылған жанұялардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге шығындар:
республикалық бюджет есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 5937 мың теңге;
жергілікті бюджет есебінен 326 мың теңгеден кем емес көлемінде.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансфертер түсімдерінің алдын ала қарастырылғаны ескертілсін:
мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын жұмыскерлердің және қазыналық кәсіп орындар жұмыскерлерінің жалақсы 87905 мың теңгеге көтеруліуіне.
Тармақ 5
5. Облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен аудан бюджетінде шығындар:
мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің қолдауына 30000 мың теңге сомасында;
қоғамдық моншаның жөндеуге 3000 мың тенге сомасында;
автокөлік жолдарының қызмет етуін қамтамасыз етуге 15500 мың теңге сомасында.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде, ауылды жерлерде жұмыс істегені үшін еңбек ақысы жиырма бес пайызға көбейуіне арналған шығындар алдын ала қарастырылсын.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудан бюджеттің шығындарында ағымдағы ұстау шығындарының 1 пайыздан кем емес көлемінде «Жергілікті бюджеттен бастауыш, негізгі және орта мектептердің қызметтігін камтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16
Басқа 17
Басқа 18
Басқа 19