О районном бюджете на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы аудандық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-ІІ Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Берілген қосымшаға сәйкес аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кipicтep- 1346083 мың теңге, соның ішінде: салық түсілімдері-207801 мың теңге; салықтық емес түсілімдер-3530 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсілімдер 17500 мың теңге; трансферттік түсілімдер 1117252 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар 1333683 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо -12400 мың теңге; 4 ) таза бюджеттік несиелеу 0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік несиелерді жабу- 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо -12400 мың теңге, соның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу - 12400 мың теңге; мемлекеттің қаржылық активтерін сатып алудан түскен түсілімдер -0 мың теңге;
Тармақша 6
6) бюджет дефициті (профицит)- 0 мың теңге;
Тармақша 7
7) бюджеттің дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану)-0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2007 жылғы аудандық бюджеттің кipici Қазақстан Республикасының Бюджетік Кодексіне сәйкес келеci салықтық түсілімдерден қалыптасатыны бекітілсін: төлеу көздерінен салық салынатын кірістердің жеке салығынан; төлеу көздерінен салық салынбайтын кірістердің жеке салығынан; бірмезгілдік талондармен қызмет жасайтын жеке тұлғалардың жеке салығынан; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлгінің салығынан; жеке тұлғалардың мүлігі салығынан; жер салығынан; көлік құралдары салығына; біріңғай жер салығынан; акциздерден; табиғат және басқа ресурстарды пайдаланудан түскен түсілімдер; кәсіпкершілік және кәсіби қызметті жүргізу үшін жиналымдар; республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баждан басқа, мемлекеттік баж.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджет келесі салықтық емес түсілімдерден қалыптасуы бекітілсін: коммуналдық меншіктегі мүлікті салға беруден түскен түсілімдер; басқа салықтық емес түсілімдер.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджет келесі негізгі капиталды сатудан қалыптасуы бекітілсін: жер учаскелерін сатудан түсетін түсілімдер.
Тармақ 5
5. Аудандық бюджет келесі ел ішіндегі қаржылық активтерді сатудан қалыптасуы бекітілсін: коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылығын жүргізудегі немесе шұғыл басқаруындағы, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешен түріндегі немесе басқа мемлекеттік мүліктерді сатудан түскен түсілімдер.
Тармақ 6
6. 2007 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 625213 мың теңге болып көзделсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылғы мақсатты ағымдағы трансферттерге аудандық бюджетте мемлекеттік кызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекемелердің кызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбек ақысын өтеуге 130184 мың теңге сомасы көзделсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылғы мақсатты ағымдағы трансферттерге аудандық бюджетте мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбек ақысының жоғарылауына байланысты әлеуметтік салық бойынша есептеулерге 19282 мың теңге сомасы көзделсін.
Тармақ 9
9. Селолық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек үшін шығын 1000 теңге көлмінде бекітілсін.
Тармақ 10
10. 2007 жылы аудандық бюджетте мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың кызметкерлерінің еңбек ақысы толық көлемде өтелсін.
Тармақ 11
11. Селолық жерде тұратын әлеуметтік қамстамасыздандыру қызметкерлеріне, білім, мәдениет және спорт саласындағы, мемлекекеттік қызметкер болып табылмайтын мамандарға, осы қызмет түрімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкасымен салыстырғанда лауазымдық окладтары (тарифтік ставкалары) 25 пайызға өcyi сақталсын.
Тармақ 12
12. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті өтеуді көздейтін 5318 мың теңге сомасы аз қамтамасыздандырылған отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақыны өтеу шығынына 2007 жылы жергілікті бюджеттен көзделсін.
Тармақ 13
13. 2007 жылы аудандық жергілікті атқарушы органының төтенше жағдайлар резерві 100 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 14
14. 2 берілген қосымшаға сәйкес 2007 жылы ауданның даму бюджеттік бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 15
15. 3 берілген қосымшаға сәйкес әрбір селолық округтің бюджеттік бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 16
16. 4 берілген қосымшаға сәйкес жергілікті бюджетті орындау үрдісінде секвестрилеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 17
17. 5 берілген қосымшаға сәйкес 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмек қажетті азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету түрлері бойынша шығындар сомасы бекітілсін.
Тармақ 18
18. Облыстық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансферттерінен 2007 жылы аудандық бюджетте 62385 мың теңге көзделсін, соның ішінде:
Тармақша 1
1) орта білім жуйесін ақпараттандыруға- 4680 мың теңге;
Тармақша 2
2) шағын-орталықты ұстауға - 6524 мың теңге;
Тармақша 3
3) «Үміт» сауықтыру лагерін ұстауға - 18500 мың теңге;
Тармақша 4
4) Бескөл селосындағы мәдениет Үйінің түбегейлі жөндеуін аяқтау үшін- 8000 мың теңге;
Тармақша 5
5) автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға - 12281 мың теңге;
Тармақша 6
6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе көбейту - 12400 мың теңге.
Тармақ 19
19. 2007 жылы аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер келесі көлемде есепке алынсын:
Тармақша 1
1) мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілерге, ымдау тілі мамандары қызметін көрсетуге және міндетті гигиеналық құралдар қажеттілерге қамтамасыз ету үшін - 1676 мың теңге, соның ішінде: міндетті гигиеналық құралдар - 1060 мың теңге; жеке көмекшілердің қызметін ұсыну - 454 мың теңге; қимылдық тіл мамандарының қызметін ұсыну - 162 мың теңге;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 14900 мың теңге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдары білімін дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға - 253348 мың теңге, соның ішінде, соның ішінде: орта жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелеріндегі физика, химия, биология кабинетерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге - 16920 мың теңге; орта жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерінің типтік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 79106 мың теңге; жаңа қосылатын білім нысандарын ұстауға - 143549 мың теңге; тамақтандыруға, тұруға және тест тапсыру пунктеріне жеткізуге - 569 мың теңге; Интернетке қосылуға және орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінің трафигін өтеуге - 3155 мың теңге; орта жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулық және оқу-әдістемелік комплекстерін алуға және жеткізуге - 4500 мың теңге; орта жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді құруға - 5549 мың теңге;
Тармақша 4
4) орта білім беретін мемлекеттік мекемелеріндегі кітапхана қорын жаңарту үшін мемлекеттік тілді оқу бойынша оқулық аңықтама және электрондық әдебиеттерді алу мен жеткізуге - 1445 мың теңге;
Тармақша 5
5) электрондық үкімет аясында адам капиталын дамытуға - 5020 мың теңге;
Тармақша 6
6) мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы құзыретін шектеу аясында әкімшілік функцияларды беруге- 3799 мың теге;
Тармақ 20
20. Осы шешім Қызылжар аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 39. Қызылжар ауданының 2007 жылғы бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/2 шешіміне 1 қосымша Қызылжар ауданының 2007 жылғы бюджеті
Басқа 40. 2007 жылға Қызылжар ауданының бюджетінің дамуына бюджеттік бағдарламаның тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/2 шешіміне 2 қосымша 2007 жылға Қызылжар ауданының бюджетінің дамуына бюджеттік бағдарламаның тізбесі
Басқа 41. 2007 жылға Қызылжар ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтерінің бюджеттік бағдарламалары
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/2 шешіміне 3 қосымша 2007 жылға Қызылжар ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтерінің бюджеттік бағдарламалары
Басқа 42. 2007 жылғы аудандық бюджетке жатпайтын секвестрирлық орындау барысында аудандық бюджеттің бағдарламасның тізбесі.
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/2 шешіміне 4 қосымша 2007 жылғы аудандық бюджетке жатпайтын секвестрирлық орындау барысында аудандық бюджеттің бағдарламасның тізбесі.
Басқа 43. 2007 жылға арналған Қызылжар ауданының "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмек қажет ететін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек" 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындардың тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/2 шешіміне 5 қосымша 2007 жылға арналған Қызылжар ауданының "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмек қажет ететін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек" 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындардың тізбесі