О проведении приписки граждан к призывному участку на территории района Шал акына в январе - марте 2007 года Қолданыста
Басқа 0
Шал ақын ауданы аумағында 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылы 8 шілдеден № 74-ІІІ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркеуден өтетін 1990 жылы туған азаматтардың және тіркеуден өтпеген одан үлкен жас азаматтардын әскерге шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Тіркеуді өткізу бойынша комиссияның құрамы бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдеріне:
Тармақша 1
1) ауданның қорғаныс істері бойынша Біріккен бөліміне әскерге шақырылатын жасөспірімдердің тізімін ұсынсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылатын жасөспірімдердің жиналу пунктіне ұйымдастырылған келуін белгіленген мерзімде әскери есепті жүргізетіндердің басшылығымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ауданның қаржы бөлімі (Мұхамеджанова Ләйлә Мағзұмқызы) әскерге шақыру учаскесінде азаматтардын тіркеуін өткізу үшін, бес техникалық жұмысшыларды күту үшін қаржы қаражаттын уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Байғұлов Мамадьяр Шайзадаұлына:
кеуде жасушалар ағзаларының флюорографиялық зерттеуін, группасын және резусын анықтаумен қан анализін, белокқа несептің зерттеуін, жүректің электрокардиограммасын жасауды қамтамасыз етсін;
әскерге шақыру учаскесін керекті дәрі- дәрмекпен, медициналық жабдықтармен толықтырсын;
тіркеу жүргізілгенде табылған сырқаттанғандарға кезектен тыс медициналық көмек және емделуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. Ауданның ішкі істер бөлімі (Шаинов Серік Қабиденұлы) тіркеу өткізілетін кезеңде әскерге шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз етсін, азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне келуге бақылауды жүзеге асырсын, тіркеуден бас тарту әрекетін жібермесін (келесім бойынша).
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2006 жылы 28 қарашадан № 241 «Шал ақын ауданы аумағында 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Шал ақын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне-енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Орталық аудандық аурухананың
бас дәрігері
М.Ш.Байғұлов
2006 жылы 25 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Шал ақын ауданының
қаржы бөлімінің бастығы
Л.М.Мұқамеджанова
2006 жылы 25 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Шал ақын ауданының
қорғаныс істері бойынша Біріккен
бөлімінің бастығы
С.И.Чепухин
2006 жылы 25 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Шал ақын ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы
С.Қ.Шаинов
2006 жылы 25 желтоқсан
Басқа 12. Тіркеу өткізу бойынша комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 жылы 25 желтоқсан № 259
қаулысына қосымшасы
Тіркеу өткізу бойынша комиссиясының құрамы
Чепухин Сергей Иванович - комиссия төрағасы, Шал ақын ауданның Қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінің бастығы
Кузичева Елена Петровна - комиссия төрағасының орынбасары, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері
Байғұлов Мамадьяр Шайзадаұлы - медициналық комиссияның төрағасы орталық аудандық аурухананың бас дәрігері;
Исенгужин Әлібек Сәлімұлы - Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Хамзина Ботагөз Түпейқызы - комиссия хатшысы аудандық аурухананың медициналық бикеші.