2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, осы заңға өзгерістер енгізілген 2006 жылғы 5 шілдесіндегі № 165-III Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 7 желтоқсанындағы №27/305-111 шешіміне және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсанындағы № 1219 қаулысына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сарыағаш ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1)кірістер - 4818355,0 мың теңге, оның ішінде; салықтық түсімдер - 972158,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 2339,0 мың теңге; негізгі капиталдан түсетін түсімдер - 215653,0 мың теңге; ресми трансферттердің түсімдері - 3618205,0 мың теңге, оның ішінде; -субвенция - 2743877,0 мың теңге; -ағымдағы нысаналы трансферттер - 746702,0 мың теңге; -нысаналы даму трансферттер - 127626,0 мың теңге;
Тармақша 2
2)шығындар - 4818355,0 мың теңге;
Тармақша 3
3)операциялық сальдо - 0;
Тармақша 4
4)бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5)бюджет профициті - 0 мың теңге;
Тармақша 6
6)бюджет профицитін пайдалану - 0 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2007 жылы салық түсімдерінен облыстың аудандары мен қалаларының бюджетіне жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2007 жылға арналған резерві 9600,0 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде; шұғыл шығындарға арналған резерві - 4800,0 мың теңге; төтенше резерві - 4800,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық- өнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы » Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13-ақпанындағы Заңының 44-бабына сәйкес 2007 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.