Об установлении поправочных коэффициентов к базовым ставкам земельного налога на территории города Жезказгана на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында жер салығы базалық ставкасының дұрысталған коэффициенттерін белгілеу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне, «Облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарын бағалық аймақтандыру жобаларын (сызбаларын) бекіту туралы» Қарағанды облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы №23 шешіміне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ETTI:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында жер салығы базалық ставкасының дұрысталған коэффициенттері белгіленсін.
Тармақ 2
2. «2006 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында жер салығы базалық ставкасының дұрысталған коэффициенттерін белгілеу туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 21 маусымдағы №30/342 (2006 жылдың 26 шілдесінде Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-33 нөмірімен тіркелген және 2006 жылдың 2 тамызында «Сарыарқа» газетінің 56 (7251) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет, аумақтық даму және өзін-өзi басқару мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін. Келісілді: Жезқазған қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Батырлан Дүйсенбайұлы Ахметов Жер қатынастары бөлімінің бастығы Нұргелді Айдарбекұлы Қасымов
Басқа 5
Жезқазған қалалық мәслихатының 2006 жылғы «20» желтоқсандағы № 33/374 шешіміне қосымша Қарағанды облысы Жезқазған қаласы аймақтарының жер салығы базалық ставкасының түзетілген коэффициентері. № Аталуы Бағалау аймақтарының нөмірлері Салық ставкаларының коэффициенттері 1 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 1 1,45 2 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 2 1,36 3 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 3 1,32 4 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 4 1,27 5 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 5 1,15 6 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 6 1,28 7 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 7 0,99 8 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 8 1 9 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 9 0,76 10 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 10 1,2 11 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 11 1,32 12 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 12 1,2 13 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 13 1 14 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 14 1,05 15 Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ 15 0,98 16 Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ 16 0,92 17 Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ 17 1,01 18 Қалалық елді мекен шегіндегі мекенді (селитебтік) аймақ 18 0,91 19 Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ 19 0,84 20 Қалалық елді мекен шегіндегі өндірістік және өнеркәсіптік аймақ (құрылыс салу шегінің сырты) 20 0,75 21 Қалалық елді мекен шегіндегі бағбаншылық және сауықтыру жерлері 21 1 22 Кеңгір ауылдық округінде суармалы тыңайға жерлер 22 0,83 23 Талап ауылдық округінде суармалы тыңайға жерлер 23 0,77 24 Шабындық жерлер 24 0,9 25 Талап ауылдық округіндегі жайылымдық жерлер 25 0,7 26 Кеңгір ауылдық округіндегі жайылымдық жерлер 26 0,77 27 Сарыкеңір ауылдық округіндегі жайылымдық жерлер 27 0,75 28 Талап ауылдық елді мекен жері 28 0,82 29 Кеңгір ауылдық елді мекен жері 29 0,99 30 Малшыбай ауылдық елді мекен жері 30 0,76 31 Теректі ауылдық елді мекен жері 31 0,73