Об организации и финансирования оплачиваемых общественных работ на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)тармақшасына және 37 бабының 8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін орындау мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінде төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын. «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыз адамдар 21024000 (Жиырма бір миллион жиырма төрт мың) теңге көлемінде төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес бағытталсын (№1қосымша).
Тармақ 2
2. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмысқа жіберілген адамдарды еш кедергісіз еңбек шартына сәйкес жұмысқа қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауылдық округтер және кенттер әкімдері еңбек нарқының ерекшеліктерін және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін есептей отырып, жұмыс іздеуде қиындық көрген адамдарға арналған жоспардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізсін. ;
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған нысаналы топтар тізімі бекітілсін(№2 қосымша).
Тармақ 5
5. Төлемді қоғамдық жұмыстар түрінің тізімі бекітілсін (№3 қосымша).
Тармақ 6
6. Ұлан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 2247 «2006 жылға арналған төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу №5-17-18, 2006 жылы 11 ақпанда «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған).
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Басқа 8. Ұлан ауданының 2007 жылғы ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға мекеме
Ұлан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы « 28 » желтоқсанда № 531 қаулысына № 1 қосымша Ұлан ауданының 2007 жылғы ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға мекеме ТІЗБЕСІ Ұлан ауданыдық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Ибраимова
Басқа 9. Нысаналы топтар тізбесі.
Ұлан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы« 28 » желтоқсанда № 531 қаулысына№ 2 қосымша Нысаналы топтар тізбесі. - тұрмыс жағдайы төмен отбасы; - 21 жасқа дейінгі жастар; балалар үйінде тәрбиеленетіндер, жетім балалар, ата-анасыны қамқорынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; - кәмелетке толмаған бала тәрбиелейтін жалғыз басты, көп балалы ата-аналар; - Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген, қамкорлықтарында үнемі күтім, көмек қажет ететін тұлғалары бар азаматтар; - зейнеткер жасына дейінгі ( зейнеткерлікке екі жыл қалған); - 50 жастан асқан тұлғалар; - мүгедектер; - Қазақстан Республика қарулы күштер қатарынан шығарылған тұлғалар; бас бостандығынан босатылып шыққан азаматтар және еріксіз түрде емделуге барып келгендер; - бас бостандығынан айырылмай, жазаға тартылғандар; - оралмандар; - жазғы демалыс кезеңіндегі тұрмысы төмен отбасыларының 14 пен 18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен студенттер; - кәсіби бастапқы, орта және жоғары білім орындарын бітірушілер. «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ибраимова
Басқа 10. Төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
Ұлан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы« 28 » желтоқсанда № 531 қаулысына № 3 қосымша Төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық- коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету. 2 Жол жөндеу, су, газ құбыры, канализациялық коммуникациялар төсеу бойынша қосалқы жұмыстар.
Тармақ 3
3. Медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек.
Тармақ 4
4. Мелиорация жұмыстарына, су тасқынына қарсы шара өткізуге, үлкен және кіші көпірлерді, өзендерді тазалауға қатысу.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік - мәдени объектілерді жөндеу,тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары.
Тармақ 6
6. Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық аймақтарын қалпына келтіру.
Тармақ 7
7. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту.
Тармақ 8
8. Мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар, халық шығамашылығының байқауы және тағы басқалар, тұрғылықты жер бойынша балалар мен жасөспірімдердің дем алуын ұйымдастыру).
Тармақ 9
9. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, халық санағын, әлеуметтік сұрауларға, шаруашылық кітаптарды өткізуге, әскери комиссариаттарда, салық органдарында, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу.
Тармақ 10
10. Малды, құсты бордақылауға, көкөніс және дәнді дақылдар өсіру жөнінде маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар .
Тармақ 11
11. Мал дәрігерлік санитарлық - алдын алу шараларына қатысу.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес жүргізу.
Тармақ 13
13. Ауру және қарт адамдарды күту .
Тармақ 14
14. Құқық тәртібін және объектілерді оның ішінде саяжай учаскелерін қорғау.
Тармақ 15
15. Мерзімдік жылыту жұмыстары.
Тармақ 16
16. Баспасөз басылымдары мен жазбаша хат- хабар жеткізу.
Тармақ 17
17. Үй- жайларды, баспалдақтарды және үйлердің өтетін жерлерін тазалау.
Тармақ 18
18. Азық түлік тауарларын шығару және сату.
Тармақ 19
19. Халық тұтынатын тауарларды шығару және сату.
Тармақ 20
20. Наубайханаларда, асханаларда, мектеп асханаларында қосалқы жұмыстар.
Тармақ 21
21. Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және мемлекеттік мекемелердің мамандарын мемлекеттік тіліне үйрету.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік жәрдемақы алуға және экологиялық құжаттарды қайтадан тіркеу жұмыстарына қатысу.
Тармақ 23
23. Жұмысттардың басқа түрлері. Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ибраимова