О районном бюджете Камыстинского района на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қамысты ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 282 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 555284 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша- 246867 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 490 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2000 мың теңге;
алынған трансферттер бойынша - 305927 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 555284 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджетке облыстық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі 261210 мың теңге сомасында 2007 жылға арналған аудандық бюджетте бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бекітілсін:
аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 4012 мың теңге сомасында;
мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге 31875 мың теңге сомасында;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 8830 мың теңге сомасында.
Тармақ 4
4. Қамысты ауданы әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 150 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 150 мың теңге сомасында.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудан бюджетінін шығындарында "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балабақша-мектептер" кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде жалпы міндетті орта білім корының шығындары бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің шығындарында ауылдык (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік камтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына еңбекақылары мен бағамдык ставкалары 25 пайызға көтерілгені бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялык жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12
Басқа 13
Басқа 14