Об установлении стоимости разовых талонов по предпринимательской деятельности физических лиц носящий эпизодический характер на территории города Жезказгана на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикаснынң 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «2006 жылғы арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы» қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 26/277 (2006 жылдың 13 ақпанында Жеқазған қаласы әдлет басқармасында 8-2-17 нөмірімен тіркелген және 2006 жылдың 17 ақпанында «Сарыарқа» газетінің 12 (7207) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін. Келісілді: Жезқазған қаласы бойынша салық комитетінің бастығы Батырлан Дүйсенбайұлы Ахметов
Басқа 5. Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен, жеке тұлғалардың ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметің бір жолғы толонның құны.
Жезқазған қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/377 шешіміне қосымша Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен, жеке тұлғалардың ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметің бір жолғы толонның құны. № «Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министірінің 2001 жылғы 30 қазандағы №1469 бұйрығымен қызмет түрлері Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен, жеке тұлғалардың ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметің жекелеген түрлеріне арналған бір күнге бір жолғы толонның бағасы 1 Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): 1) газеттер мен журналдар; 9,2 2) тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тіпке көшет, көшет); 9,2 3) бақша дақылдары; 9,2 4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер; 14,68 5) үй жанандағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері; 9,2 6) жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп 9,2 7) сыпырғылар, сыпыртқылар 4,6 8) орман жидекторын, бал, саңырауқұлақтар және балық 13,75 2 Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу 1) жақын шетелден 128,7 2) алыс шетелден 128,7 3 Жер участкелерін өндеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері 21,6 4 Жолаушылар мен жүктерді (лицензиясы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері 1) жеке және жалға алған автокөліктермен жолаушылар тасымалдау - қала ішілік және аудандық 9,2 - қалааралық 18,35 2) жеке және жалға алған автокөліктермент жүк тасымалдау (маршруттық таксиден басқа) - қала ішілік және аудандық 13,75 - қалааралық 45,8 5 Үй жануарлары мен құстарды жаю 4,6 Ескерту: 1. Бірлік объектілерге салық есеп көрсеткіштер пайызбен анықталады және осыған байланысты өзгереді. 2. Жоғарыда көрсетілген бір жолғы талонның бағасы қала территориясында жүреді. Салық органдарының ұсынысы негізінде Мәслихат шешімімен осығын өзгерістер енгізу болады. 3. «2007 жылғы арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, айлық есептік көрсеткіш – 1092 теңгені құрайды.