«О бюджете района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына сәйкес, аудан маслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудан бюджеті №1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1429232 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдері - 190748 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 1050 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 7613 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1229821 мың теңге.
Тармақша 2
2) шығындар: - 1429232 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің кipicтepi Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес қалыптасып, мынадай салық түсімдерінің есебінен белгіленсін: төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы; төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы; кызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы; заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық; жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық бірыңғай жер салығы; акциздер, республикалық бюджеттен түсетін акциздерді есептемегенде; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем; кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар; республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баждан басқа, мемлекеттік баж. жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтар.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған аудан бюджеті кірістерінің қалыптасуы мынадай салыққа жатпайтын түсімдер есебінен белгіленсін: коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың (аудан әкімдігінің) таза кipicтep, бөлігінің түсімдері; аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; иесіз мүлікті сатудан түскен түсімдер, коммуналдық мешікке белгіленген тәртіпте өтеусіз аударылған мүліктер, бақылаусыз калған жануарлар, табылғандар, және де мемлекеттің мұрасы құқығына аударылған мүліктер; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұсынған қызметтерді жүзеге асырудан түскен түсімдер; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкццялар,өндіріп алулар; басқа да салықтық емес түсімдер; мүлікті жария етуден түскен алымдар.
Тармақ 4
4. Аудан бюджетінің кipicтepiнің қалыптасуы мынадай ел ішіндегі қаржылық активтерді сатудан түскен түсімдер есебінен белгіленсін: Коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың кешенді мүлік түрінде сатудан, аудан әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқармасында тұрған басқа мемлекеттік мүліктерді сатудан түскен түсімдер. 5.2007 жылға арналған субвенцияның облыстық бюджеттен аударылған аудан бойынша бюджет көлемі 719740 мың теңге көзделсін. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 42,51 баптарына сәйкес аудандық деңгейден облыстық деңгейге білім беру бойынша оңалту кабинеттерін ұстауға қайта аударылған сома 2007 жылдың 1 қаңтарынан 3276 мың теңге ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерден мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметшіге жатпайтын мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларының, және де қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақысын төлеуге 152872 мың тенге ескерілсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудан бюджетіне бөлінген қаражат облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерден әлеуметтік салық аударылымдарын төлеуге мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметшіге жатпайтын мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларының, және де қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақысының көтерілуіне байланысты төлеуге 19148 мың теңге ескерілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстарында селолық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет мамандарына әлеуметтік көмек көрсетуге, отын сатып алуға төлемдер көлемі 1000 теңгеден кем емес мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 9
9. 2007 жылға мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметшіге жатпайтын мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының жалақысын толық көлемде төлеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 10
10. Селолық жерлерде жұмыс істейтін, мемлекеттік қызметкерге жатпайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарына, олардың лауазымдық жалақыларын (тарифтік ставкаларын) қалалық жағдайда қызметтін осы түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда 25 пайызға көтеру қарастырылып, сақталсын.
Тармақ 11
11. 2007 жылға арналған жергілікті атқарушы органдардың резерві 1100 мың теңге мөлшерінде бекітілсін, оның ішінде: шұғыл шығындарға арналған жергілікті атқарушы органының резерві -300 мың теңге; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві - 400 мың теңге; сот шешімдер бойынша міндеттемелерді орындау үшін жергілікті атқарушы органының резерві - 400 мың теңге;
Тармақ 12
12. 2007 жылға арналған бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінуімен 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 13
13. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің орындалу үдерісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың секвестрлеуге жатпайтындығы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 14
14. 2007 жылға арналған ауданның жергілікті бюджетінің шығыстарында аз қамтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге көзделген төлемдер мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек есебінен 7439 мың теңге ескерілсін.
Тармақ 15
15. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 5 қосымшаға сәйкес 303588 мың теңге төмендегі шығындарға ескерілсін:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды icкe асыруға 100000 мың теңге, оны iшінде: сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 100000 мың теңге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттіліктің ара жігін ажыратуға барлығы 2345 мың теңге, оның ішінде: ауыл шаруашылығына - 663 мың теңге; жер ресурстарын басқаруға - 1682 мың теңге;
Тармақша 3
3) аз қамтылған жануялардан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу - 20845 мың теңге; .
Тармақша 4
4) мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуге - 1774 мың теңге, оның ішінде: арнайы гигиеналық құралдарға - 895 мың теңге; жеке көмекшілердің қызмет көрсетуге - 717 мың теңге; ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуіне - 162 мың теңге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға - 171922 мың теңге, оның ішінде: жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріндегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыруға - 21150 мың теңге; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелердегі бірүлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 79400 мың теңге; жаңадан пайдалануға берілетін білім беру объектілерін ұстауға - 50978 мың теңге; тамақтануды, тұруды, және балаларды тестілеу пунктілеріне жеткізуді ұйымдастыруға - 534 мың теңге; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері Интернет желісіне қосуға және олардың трафигін төлеуге - 3462 мың теңге; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне кітапханалық қорларын жаңарту үшін оқулық пен оқу-әдістемелік кешенін сатып алуға және жеткізуге - 5300 мың теңге; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондык және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 11098 мың теңге;
Тармақша 6
6) жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне кітапханалық қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілі меңгеру жөнінде оқулық анықтамалық және электрондық әдебиеттерді сатып алуға және жеткізуге -1678 мың теңге;
Тармақша 7
7) электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға 5024 мың теңге.
Тармақ 16
16. Көзделген сомаларды тарату бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен облыс әкімдігінің 2007 жылга арналган бюджетi туралы маслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысымен анықталады
Тармақ 17
17. 2007 жылға арналған селолық округтердің бюджеттік бағдарламасының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 18
18. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ Құқықтық сұрақтар жөніндегі кеңесші Н. Годлевская
Басқа 27. Мағжан Жұмабаев ауданының 2007 жылға арналған аудан бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" №36-2 шешіміне 1 Қосымша Мағжан Жұмабаев ауданының 2007 жылға арналған аудан бюджеті
Басқа 28. Мағжан Жұмабаев ауданы селолық округтерінің 2007 жылға арналған бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" №36-2 шешіміне 2 Қосымша Мағжан Жұмабаев ауданы селолық округтерінің 2007 жылға арналған бюджеті
Басқа 29. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің орындалу үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарлама тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" №36-2 шешіміне 3 Қосымша 2007 жылға арналған аудан бюджетінің орындалу үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарлама тізбесі
Басқа 30. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" №36-2 шешіміне 4 Қосымша 2007 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Басқа 31. 2007 жылға арналған аудан республикалық нысаналы трансферттерінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" №36-2 шешіміне 5 Қосымша 2007 жылға арналған аудан республикалық нысаналы трансферттерінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 32. 2007 жылға арналған аудан облыстық трансферттерінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" №36-2 шешіміне 6 Қосымша 2007 жылға арналған аудан облыстық трансферттерінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі