2007 жылға арналған жер салығының негізгі мөлшерін өзгерту туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылға арналған жер салығының негізгі мөлшерін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексін негізге ала отырып, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 338 бабына сәйкес және 334 бабы бойынша тұрғын пункттерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне негізгі жер салығының мөлшері 50 пайызға көтерілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Салық кодексі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 335 бабының 1 тармағы бойынша тұрғын пункттерде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне негізгі жер салығының мөлшері 30 пайызға көтерілсін.
Тармақ 3
3. Заңды және жеке тұлғаларға ауылшаруашылығы өндірісімен айналысуға тағайындалған ауылшаруашылық жерлеріне негізгі жер салығының мөлшері Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 329, 330 баптарына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім қолданылып жүрген заңдарға сәйкес күшіне енеді.