2007 жылға арналған тіркелген жиынтық салық салу ставкасын белгілеу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылға арналған тіркелген жиынтық салық салу ставкасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 334 бабына, Қазақстан Республика Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 Қаулысына сәйкес және жоғарыда айтылған Кодекстің 393 бабында қарастырылған Бөрлі аудандық салық комитетінің тіркелген жиынтық салық салу ставкалары жайындағы ұсынымын негізге ала отырып Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған тіркелген жиынтық салық салу ставкасы келесі мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстеліне жылдық есеппен 2300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 2511600 теңге;
Тармақша 2
2) бір ойыншығымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматына жылдық есеппен 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 87360 теңге;
Тармақша 3
3) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматына (электрондық рулетканы қоспағанда) жылдық есеппен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 109200 теңге;
Тармақша 4
4) электрондық рулеткаға жылдық есеппен 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 141960 теңге;
Тармақша 5
5) тотализатор кассасына жылдық есеппен 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 141 960 теңге;
Тармақша 6
6) Букмекерлік кеңсе кассасына жылдық есеппен 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 141960 теңге;
Тармақша 7
7) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматына жылдық есеппен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 21840 теңге;
Тармақша 8
8) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін ұтыс ақшасыз бір ойын автоматына (электрондық рулетканы қоспағанда) жылдық есеппен 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 27300 теңге;
Тармақша 9
9) ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютерге жылдық есеппен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 21840 теңге;
Тармақша 10
10) ойын жолына жылдық есеппен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 109200 теңге;
Тармақша 11
11) картинг қызметіне жылдық есеппен 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 109200 теңге;
Тармақша 12
12) бильярд үстеліне жылдық есеппен 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 65520 теңге;
Тармақша 13
13) лото ұйымдастырушыға жылдық есеппен 90 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 98280 теңге;
Тармақ 2
2. Осы шешім қолданылып жүрген заңдарға сәйкес күшіне енеді.