2007 жылға арналған сыртқы (көзбен шолу) жарнамасы орналастырудың төлем ақысын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 491 бабын басшылыққа алып және Бөрлі аудандық Салық комитетінің көпшілік пайдалануына бөлініп берілген автомобиль жолдары бойындағы және елді мекен пункттерінде сыртқы (көзбен шолу) жарнамалар объектілерін орналастыруға есептеліп белгіленген төлем ақы ұсынысын қарастырып Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
2007 жылға арналған сыртқы (көзбен шолу) жарнамасы орналастырудың төлем ақысын белгілеу туралы от 27.12.2006 г. № 30-5 (2007 жылға арналған сыртқы (көзбен шолу) жарнамасы орналастырудың төлем ақысын белгілеу туралы)
1. Көпшілік пайдалануына бөлініп берілген жергілікті мәні бар автомобиль жолдары бойында және елді мекендерде сыртқы (көзбен шолу) жарнамалар объектісін орналастырудың 2007 жылға арналған төлем ақысы келесі мөлшерде белгіленсін:
1) банктер жарнамаларын бір шаршы метрлік орналастыруға орын алу көлеміне айына 1092 теңгеден;
2) басқа да жарнамаларды бір шаршы метрлік орналастыруға орын алу көлеміне айына 100 теңгеден.
2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 489 бабының 2 тармағын негізге алып сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастыруға рұқсат беру және бақылау жүргізуді мемлекеттік уәкілетті орган, Бөрлі ауданының шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы анықталсын.
3. Осы шешім қолданылып жүрген заңдарға сәйкес күшіне енеді.