2007 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған жер
салығының ставкаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-
тармағының 13 - тармақшасына, «Салық және бюджетке теленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 338
бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 8 -
бабының 2- тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 329 бап бойынша - ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге
салынатын базалық ставкалары Іле ауданы бойынша Салық комитеті мен
"Іле аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
келісімімен Іле ауданының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасына сәйкес
төмендегідей:
1 және 2 аймақтарда 50 пайызға көбейтілсін;
3 - аймақта 40 пайызға кебейтілсін;
4 - аймақта 25 пайызға көбейтілсін.
Тармақ 2
2. 330 бап бойынша - 0,50 гектарға дейін жеке тұлғаларға берілген ауыл
шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық
ставкалары:
Тармақша 1
1) Энергетик, Первомай және Боролдай поселкелік, Казцик, Ащыбулақ,
Чапаев, Междуреченск, Байсерке Қараой және Жетіген ауылдық округтерінде 50 пайызға көбейтілсін;
Тармақша 2
2) Күрті ауылдық округінде 10 пайызға көбейтілсін.
Тармақ 3
3. 332 бап бойынша - аудан аумағындағы елді мекендердің жерлеріне
(тұрғын үй қорымен қамтылған, оның ішінде ғимараттар мен құрлыстар
тұрған жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50
пайызға көбейтілсін;
Тармақ 4
4. 334 бап бойынша - елді мекендерден тыс орналаскан өнеркәсіп
өндірісі жерлеріне салынатын базалык салық ставкалары 50 пайызға
көбейтілсін,
Тармақ 5
5. 337 бап бойынша - автотұрақтар, автокөліктерге жанар май құю
станциялары және базарлар орналаскан жер учаскелеріне салынатын салық
ставкалары Салык Кодексінің 332 бабында белгіленген базалык ставкалар
бойынша 10 есеге ұлғайтылып салык салынсын.
Тармақ 6
6. 2005 жылғы 11 қарашада кабылданған "2006 жылға арналған жер
салығының ставкаларын бекіту туралы" № 33 - 124 шешімі (2005 жылғы 19
желтоксанда Іле аудандық әділет баскармасының нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде енгізілген № 2-10-20, 2005 жылы 23
желтоқсанда № 55 (4108) Іле таңы газетінде жаряланған) 2007 жылдың 1
каңтарында күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бакылау жасау бюджет, әлеуметтік экомикалык даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
және кәсіпкерлік мәселері жөніндегі тұракты комиссиясына (Жолдасбаев
Е.Қ.) тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми он күнтізбелік өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген: