Об утверждении организации оплачиваемых общественных работ для безработных на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың ұйымдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5) тармақшасына, 20 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» каулысына сәйкес әкімдік ҚАУЫЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен ұйымдардың тізбесі бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздардың жалақысы бюджеттік қаражат есебінен минималдық еңбек ақы көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындары болып Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов ауданының қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлегі және автомобиль жолдары бөлімінің «Дидар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Ясли-сад № 40» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны, «Денисов ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Денисов ауданы әкімдігінің «Солнечный» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны белгіленсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар басшылары:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қоғамдық жұмыстарды орындау туралы келісім-шартқа тұру үшін жұмыстың нақты түрлерін анықтасын;
Тармақша 2
2) техника қауіпсіздігі жөніндегі мамандар техника қауіпсіздігінен алғашқы инструктаж өткізсін.
Тармақ 5
5. «Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінін бастығы А.В.Алексеев жұмыстар мен кызмет көрсетулерге төлеу жүргізгенде қоғамдық жұмыстарды түрлері мен көлемін ескерсін.
Тармақ 6
6. «Денисов ауданының каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ф. Рахметова қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссызыдарға еңбекақысын төлеуге уақытылы қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстары жүргізілетін аумақтардағы селолық округтері мен село әкімдері қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жағынан көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. «Денисов ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қоныспаев У.А.) коғамдық жұмыстар жүргізгенде осы қаулыны басшылыкқа алсын.
Тармақ 9
9. Денисов ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 369 «2006 жылға жұмыссыздарга арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың ұйымдарын бекіту туралы» әділет басқармасында 2005 жылғы 30 желтоқсанда № 9-8-29 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2006 жылғы 4 наурыздағы № 10 санында жарияланған қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 12
12. 2006 жылдың 25 желтоқсандағы № 439 «2007 жылға жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың ұйымдарын бекіту туралы» әкімдіктің қаулысы жойылсын.
Басқа 15. Денисов ауданы бойынша 2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен ұйымдардың тізбесі
Әкімдіктің 2007 жылғы 8 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекітілген Денисов ауданы бойынша 2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен ұйымдардың тізбесі Ескертулер: ш.м. – шаршы метр ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар