Об установлении ставок платы за размещение наружной рекламы на территории города Жезказгана на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнама орналастыруға төленетін төлем ставкалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «2006 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 21 маусымдағы №30/341 (2006 жылдың 26 шілдесінде Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-32 нөмірімен тіркелген және 2006 жылдың 2 тамызында «Сарыарқа» газетінің 56(7251) нөмірінде ресми жарияланады), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешім орындалу барысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Келісілді:
Жезқазған қаласы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Батырлан Дүйсенбайұлы Ахметов
20.12.2006ж.
Басқа 5. Жезқазған қаласының аумағында сыртқы жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары
Жезқазған қалалық мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 33/373 шешіміне қосымша
Жезқазған қаласының аумағында сыртқы жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары
Р/б
№
Мазмүны
Айлық есептік көрсеткішке пайызбен есептегендегі төлемақы ставкасы
1
Сыртқы жарнама объектілері – 1 шаршы метрге дейінгі (үндеулер, А1, А2, А3, А4 шағын көлемдегі плакаттар, афишалар, транспаранттар)
10
2
Сыртқы жарнама объектілері – 2 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршіктер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)
90
3
Сыртқы жарнама объектілері – 2,1 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршіктер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)
200
4
Сыртқы жарнама объектілері – 5,1 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршіктер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)
300
5
Сыртқы жарнама объектілері – 10,1 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, бильбордтарға орнатылған, жарық таблолары)
550
6
Сыртқы жарнама объектілері – 20,1 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, бильбордтарға орнатылған, жарық таблолары)
1200
7
Сыртқы жарнама объектілері – 50,1 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, орнатылған)
1500