2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңына, Оңтүстік Қазакстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» №27/305-III шешіміне және аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 727 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы от 22.12.2006 г. № 29/196-III (2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы)
1. Төлеби ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-косымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 2 326 180 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 424 296 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -3 712 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 71 992 мын теңге;
ресми трансферттер түсімдері - 1 826 180 мың теңге;
2) шығындар - 2 284 251 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 41 929 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - - 235 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 235 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 10 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 10 000 мың теңге;
6) бюджет профициті - 32 164 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - - 32 164 мын теңге:
қарыздарды өтеу - 32 164 мың теңге.
2. 2007 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтық түсімдерінің жалпы сомасының 50 пайызы аудандық бюджетке аударылатын болып
белгіленсін.
3. Аудан әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 4 300 мың теңге көлемінде бекітілсін.
4. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция мөлшерінің жалпы сомасы 1 242 402 мың теңге, оның ішінде мектептердің күрделі жөндеуіне 9 100 мың теңге және білім берудің мемлекеттік мекемелеріне оқулық әдебиетін сатып алуға 17 238 мың теңге көлемінде белгіленсін.
5. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының еңбекақыларын төлеуге аудандық бюджетке берілетін ағымдағы мақсатты трансферттер сомасы 214 043 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
6. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трасферттер сомасы 34 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге көзделіп келген қаражат есебінен табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге жергілікті бюджеттен кемінде 12 918 мың теңге сомасында шығыстар көзделуге тиіс екендігі ескерілсін.
7. 2007 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайтылған айлықтар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
9. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің бағдарлама әкімшілерінің тізбесі №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі №4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
11. 2007 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі №5 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
12. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі №6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
13. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.