2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 63 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және қала әкімдігінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы №4755 қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер 3934967 мың теңге, оның ішінде;
салық түсімдері - 839458 мың теңге;
салық емес түсімдер - 4122 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 106420 мың теңге;
ресим трансферттердің түсімдері - 2984967 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 3936967 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 2000 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - 2000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2000 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржылық активтердің операциялық сальдосы - 0;
Тармақша 6
6) бюджеттік тапшылығы (профицит) - 0;
Тармақша 7
7) бюджеттік тапшылығы қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;
Тармақ 2
2. 2007 жылы салық түсімдерінен облыстық бюджетке қалалық бюджеттен жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2007 жылға арналған резерві 7000 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
төтенше резерві - 1000 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерві - 6000 мың теңге;
Тармақ 4
4. «Аграроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес 2006 жылға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайыз мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған қала бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестірлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 15
Басқа 16
Басқа 17