Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемақы ставкаларын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемақы ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемақы ставкалары, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 5 маусымда 1963 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" № 27-198 шешімінің (2006 жылдың 27 маусымда № 74 "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына (А.Тойбаев), облыстық мәслихаттың экономика, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және экология салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Шөрегеев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облыстық Мәслихатының "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемақы ставкалары белгілеу туралы" 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 34-254 шешіміне қосымша Қоршаған ортаны ластаған үшін 2007 жылға арналған төлемақы ставкалары (Салық кодексінің 462-бабы) Р/с № Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Уыттылық сыныбы Төлемдер нормативі, теңге 1. Тұрақты көздерден атмосфераға шығарылған ластаушы заттар шартты тонна 284 2. Жылжымалы көздерден атмосфераға шығарылған ластаушы заттар дизель отыны үшін тонна 576 сұйытылған газ үшін тонна 244 авиакеросин үшін тонна 244 этилденбеген, этилденген бензин үшін тонна 421 3. Қоршаған ортаны ластаушы заттардың төгінділері шартты тонна 6993 4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру: тонна V 161 IV 323 III 646 II 2582 I 5165 5. Күл шлактары, шлактар, шламдар тонна IV 322 6. Байыту қалдықтары тонна IV 2 7. Қатты тұрмыстық қалдықтар тонна V 161