2007 жылға арналған ақылы коғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оған қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған ақылы коғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оған қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңынның 20 бабының 2 және 5 тармақтарын, Алматы облысының әкімінің 2005 жылы 10 наурыздағы № 49 қаулысын, Еңбекшіқазақ ауданының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы жөнінде 2006 жылғы 31 қаңтардағы 19 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға ақылы қоғамдық жұмыс түрлері көлемі, қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері жалғанған қосымшаға сәйкес бекітілсін;
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ансатбаев Мұратбай):
Тармақша 1
1)жұмыссыз азаматтардың қоғамдық жұмыстарға арналған 2007 жылға аудан бюджетінен бөлінген қаржы шегінде 2007 жылдың қаңтарынан бастап төлемдердің уақытылы тағайындалуын және төленуін бақылауды қамтамасыз ету тапсырылсын;
Тармақша 2
2)осы каулының орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші жұлдызына дейін хабарлансын;
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімінее (Нұрлан Өскенович Белесаров) жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстарға төленетін қаржыны бөлуді уақтылы қамтамасыз ету тапсырылсын;
Тармақ 4
4. Осы қаулынын орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Лысенко Владимир Петровичке жүктелсін;
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткеннен бастап, қолданысқа енгізілсін.
Басқа 8
2007 жылға арналған ақылы коғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оған қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері туралы Аудан әкімдігімен бекітілген 2007 жылғы «05» 01 № 01 қаулысына 1 қосымша Еңбекшіқазақ ауданының 2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің ТІ3БЕСІ Р/с Жұмыстардың түрлері Жұмыс беруші 1. Ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлер, жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедек адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету, қартайған, жалғызбасты азаматтарды, ауруларды қамқорға, алу қызметтері Қалалық, ауылдық әкімдер және үкіметтік емес ұйымдар 2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және оңалту шараларын іске асыруға көмек көрсету Ауылдық әкімдер және үкіметтік емес ұйымдар 3. Аймақтарды көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту, санитарлық тазалау жұмыстары (ағаштар мен жол жиегіндегі қоршауларды әктеу, су арықтарын тазарту , қалпына келтіру, жол жиегін тазалау), көгалдандыру (ағаштарды кесу, көшеттер отырғызу және оларды күту, Жеңіс паркін тазалау, гүлдерді күту), Жеңіс ескерткіштерін, Алтан Адам, Жабаев, Чимбулатовтың ecкepткiштepiн күту, денсаулық сақтау мекемелерін қыс мезгілінде жылытуға көмек Қалалық, ауылдық әкімдер және қалалық, ауылдық мәдениет үйлері аудандық кітапхана, аудандық және ауылдық ауруханалар, аудандық мұражай 4. Тұрмыстық коммуналдық мекемелерді, қала және ауыл аумағын тазартуға көмек. Қалалық, ауылдық әкімдер 5. Аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге қатысу (көпшіліктің ой-пікірлерін сұрастыру, халық және мал санағы және тағы басқа), әскерге азаматтарды шақыру жұмыстарына қатысу, зейнеткерлер мен мүгедектерге тіркеу кітабын алмастыруға көмек көрсету. Қалалық, ауылдық әкімдер, аудандық корғаныс icтep жөніндегі бөлім және үкіметтік емес ұйымдар 6. Әлеуметтік мәдениеттік мақсаттағы объектілерді жөндеуге және қайта жанартуға қатынасу. Қалалық, ауылдық әкімдер 7. Судан арылту жүйесін күту және тазалау Ауылдық әкімдер 8. Жалпы малдәрігерлік ic-шараларды жүргізуге қатынасу (паспорттандыру, малдардан қан алу, ен салу және тағы басқа) Ауылдық әкімдер мұрағат 10. Жасы кәмелетке толмаған тәpтiбi қиын жасөспірімдермен жұмыс жүргізуге көмек көрсету Ауылдық әкімдер және үкіметтік емес ұйымдар 11. Kiтап тігу, түптеу, жаңғырту жұмыстары Аудандық кітапхана 12. Хат-хабар жеткізіп беру Ауылдық әкімдер 13. Мұражайдағы көрмелерді ұйымдастыруға көмек Аудандық мұражай 14. Саңыраулар клубын ұйымдастыруға көмек Аудандық саңыраулар қоғамы 15. Жұмыс іздеу клубы Үкіметтік емес ұйымдар 16. Халық дәстүрін, қолөнерді қайта жаңартуға көмек көрсету Үкіметтік емес ұйымдар 17. Сенімді телефон Үкіметтік емес ұйымдар 18. Жастарды мәдени парасатты жэне рухани дамытуға арналған ic-шараларға қатынасу, жазғы демалыс және еңбек лагерлерін құруға, салауатты өмір салты акцияларын өткізуге және саяхаттау жорықтарын ұйымдастыруға қатынасу Үкіметтік емес ұйымдар 19. Ауыл шаруашылығы жұмыстары мен ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау кезінде маусымды көмек көрсету Үкіметтік емес ұйымдар 20. Тұрмысы төмен отбасыларына және оралмандарға мемлекеттік жәрдем ақы алуға және кеңестік көмек көрсету Қалалық, ауылдық әкімдер Үкіметтік емес ұйымдар Бюджеттік және үкіметтік емес ұйымдардағы ақылы коғамдық жұмыстардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен республика бойынша 2007 жылға бекітілген орташа айлық еңбек ақы 9752 теңге көлемінде төленеді. 2007 жылға ақылы коғамдық жұмыска жіберілетіндер саны аудандық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 760 адам, ал жалпы төлем көлемі 2007 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 21212 мың теңге көлемінде құралады.