Об утверждении ставок платы за загрязнение окружающей среды в Акмолинской области на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында 2007 жылға арналған коршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны корғау министрлігінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-ө «Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында 2007 жылға арналған коршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төламеқының қоса беріліп отырған ставкалары бекітілсін (Қоса берілді).
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі түрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Акмола облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 3 мамырында № 3187 тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 19 сәуірдегі № ЗС-19-2 «Ақмола облысында 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің күші 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан Құқықтық қатынастарға тарайды.
Тармақ 5
5. Шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 3С-24-14 шешіміне қосымша Ақмола облысында 2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы ставкалары № Корсеткіштер Өлшем бірлігі Қауіптілік класы Нормативтік ставкалар, теңге 1 Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары шартты тонна 241,8 2 Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары: тонна этилденбеген және этилденген бензин үшін 337 дизель отыны үшін 527 сұйытылған газ үшін 202 3 Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері: шартты тонна тазартқыш құралдарынан кейін су көздеріне 17015 тазартқыш имараттарынан кейін жинауыштарға 15828 тазартылмай жинауыштарға 34571 4 Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру тонна V 127 IV 254 III 508 II 2032 I 4064 5 Қайта өндеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру: гига- беккерель трансуранды қалдыктар 338,7 альфа-радиоактивті қалдықтар 169,3 бета-радиоактивті қалдықтар 16,9 ампулды (жабық) радиоактивті көздер 169,3 6 Аршынды және жанас жыныстары текше метр V 1,9 7 Шлактар, шламдар, байыту қалдықтары текше метр III 20 8 Ауылшаруашылық өндірістік қалдықтары (қи, кұс саңғырығы) тонна 9,8 Ескерту: Халықаралық стандарттарға көшуді ынталандыру мақсатында ИСО 14001 стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған жылу электрстанциялары мен қазандықтар үшін қоршаған ортаны қорғау басқармасының жүйесіне төлемақы ставкаларына келесі коэффициенттер енгізілсін: күл және күл шлактарын орналастыруға - 0,25; тұрақты көздерден ластаушы заттардың шығарындыларына - 0,12.