Жаңаөзен қаласы бойынша 2007 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жаңаөзен қаласы бойынша 2007 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 31- бабы 1-тармағы 13- тармақшасы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 22.10.2005 жылғы Заңының 18-1 бабына сәйкес, қала әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2007 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық мекемелердің тізбесі және еңбекақы мөлшері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
2006 жылғы «12» 12.
№ 3490 қала әкімдігі қаулысымен
бекітілген қосымша 1
Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Осы Тәртіп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және облыс әкімдігінің 27.04.2005 ж. «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» № 146 қаулысына № 1906 тіркелген сәйкес халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орны Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар бөлімімен (Бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер ұйымдастырылады және жергілікті бюждет пен жұмыс берушілердің қаражатынан қаржыландырады.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылу мерзімі алты айға дейін жол беріледі.
Тармақ 3
3. Жаңаөзен қаласының әкімдігі жыл сайын ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің тізімін, жолдайтын жұмыссыздардың санын, жұмыстың түрлерін,көлемін, жұмыс мерзімін, қаржыландыру көздерін айқындайды.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган бекітілген тізім бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен шарт жасалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және нысаналы топтарға әдейі арналады, жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипаттағы болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен бақылау
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен бақылау
Тармақ 6
6. Жұмыссыздардың еңбекақысы заңмен белгіленген ең төменгі бір айлық жалақы
мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен және жұмыс берушінің қаражатынан қосымша ақымен өтеледі.
Тармақ 7
7. Жұмыс беруші еңбекақы төлеу жөніндегі шығындарын қалалық бюджеттен өтеу үшін, ай сайын ағымдағы айдың 20-на дейін заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті уәкілетті органға: жұмысқа қабылған туралы бұйрықтың үзіндісі, жұмыс уақыты есебінен табелін әлеметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет-тен қажыландыруға сұраныс ұсынады.
Тармақ 8
8. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәтрібін орындалуы бақылау уәкілетті бақылау органға жүктеледі.
Басқа 16
2006 жылғы «12» 12.
№ 3490 қала әкімдігі қаулысымен
бекітілген қосымшаға 2
2007 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарына беруші және құрушы шаруышылық мекемелер тізбесі және еңбекақы мөлшері
№
Мекемелердің атаулары
Әлеуметтік жұмыс орын (адам)
Жергілікті бюджеттен төленетін еңбекақы мөлшері ең төменгі еңбекақының біреуі (тенге)
Жұмыс мерзімі
Жұмыс көлемі
Барлығы
Соның ішінде мүгедектерге
1
2
3
4
5
6
7
«Жанарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
3
2
5
6 ай
Келісіміне сай
«Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
3
2
9752
6 ай
Келісіміне сай
«Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
3
1
9752
6 ай
Келісіміне сай
«Өзен жылу» мемлекеттік комуналдық кәсіпорын
3
2
9752
6 ай
Келісіміне сай
«Өзен көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
3
1
9752
6 ай
Келісіміне сай
«Электр жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серктестік
8
2
9752
6 ай
Келісіміне сай
Барлығына 20 адам 6 айға- еңбек ақы мөлшері 1170240 теңге 00 тиын.