2007 жылы ауданда кәсіптік білім беру, қайта даярлықтан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы ауданда кәсіптік білім беру, қайта даярлықтан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-11 Заңның 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 маусым 2001 жылы № 836 санды қаулысына сәйкес және материалдық көмекті керек ететін отбасыларға кәсіптік білім беру, қайта даярлықтан өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С.Татиеваға:
Тармақша 1
1) кәсіптік оқыту және қайта даярлау мақсатында материалдық көмекті керек ететін отбасыларын оқуға жіберу ұйымдастырылсын (қосымшаға сәйкес);
Тармақша 2
2) осы мамандықтар бойынша оқуға жіберілгендерге арнайы формадағы үлгімен келісім - шарт жасалсын. Келісім шартта оқудың түрі, оқу ақысына жұмсалатын шығын көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты аудан әкімдігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 941, 10.03.06 жылғы мемлекеттік тіркеу № 5-5-18 («Абай ауылы» № 5 (5997) 16-31 наурыз) «2006 жылы ауданда кәсіптік білім беру, қайта даярлықтан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Жүнісжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. 2007 жылы материалдық көмек керек ететін отбасыларына
кәсіптік білім беру, қайта даярлықтан өткізу туралы
Аудан әкімдігінің 71 санды
«27» 12 2006 жылғы
қаулысына қосымша
2007 жылы материалдық көмек керек ететін отбасыларына
кәсіптік білім беру, қайта даярлықтан өткізу туралы
Абай аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
С. Татиева