2007 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-II Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтарында № 149 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 маусым 2001 жылғы № 836 санды қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:.
Тармақ 1
1. Кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына:
Тармақша 1
1) 2007 жылы аудан халқын жұмыспен қамтамасыз ету үшін арнайы мамандықты қажет етпейтін уақытша жұмыстарға жұмыссыз жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту сұралсын;
Тармақша 2
2) ақылы қоғамдык жұмыстарды ауыл шаруашылық жұмысының науқанды кезеңде яғни төл алу, шөп шабу, көшелерін тазалау және басқада арнайы мамандандыру қажет етпейтін жұмыстарға пайдалану сұралсын;
Тармақша 3
3) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысып жүрген жеке топтағы адамдарға (кәмелетке толмаған балалы әйелдерге және мүгедектерге) еңбек ақысын жұмыс істеген уақытына қарай пропорциялы түрде немесе жұмыстың көлеміне қарай толық емес жұмыс уақытын ұсыну (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыз адамдарды ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыстырған кезде жұмыс берушілерімен арнайы формадағы үлгімен келісім шарт жасалған. Келісім шартта жұмыстың түрі. Көлемі және еңбек ақысы, уақытты көрсеттілуі қажет. Керек жағдайда жұмыс берушілерге ақылы қоғамдық жұмысқа қатысып жүрген адамдардың еңбек ақысын жұмсалатын мемлекеттік жұмыспен қамтуға көмектесу қорынан бөлінетін дотация көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Кәсіпорын мекемелерге және аудан халқына ақылы қоғамдық жұмыс жөнінде ақпарат беру, оның еңбек ақысының қалай төленетінін және осы атқарып жүрген қоғамдық жұмыс кезінде берілетін жеңілдіктер жөніндегі тәртібін таныстыру аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С. Татиеваға тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының қабылдануына байланысты аудан әкімдігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 940, 10.03.06 жылғы мемлекеттік тіркеу № 5-5-17 («Абай ауылы» № 5 (5997) 16-31 наурыз) «2006 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 10
Аудан әкімдігінің 70 санды «27» 12 2006 жылғы қаулысының қосымшасы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С. Татиева