Об организации оплачиваемых общественных работ в Аршалынском районе в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы ауданында 2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 149-2 Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына , 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-2 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабына сәйкес және 2001 жылдың 19 маусымдағы № 836 Үкімет қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Аршалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосымша тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2007 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Аршалы кентінде және ауылдық округтердің кәсіпорындарында жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу нақты орындалған жұмыстары үшін заңнамалармен белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінен кем болмауы және жергілікті бюджет есебінен төленсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі қоғамдық жұмыстарды 2007 жылға аудан бюджетінде осы мақсатта қарастырылған қаржы көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы аудан әкімінің орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап және жарияланғаннан соң күшіне енеді. Келісілді Қаржы бөлімінің бастығы Е. Андрух «9» қаңтар 2007 жыл Келісілді Жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б. Сыздықова «9» қаңтар 2007 жьтл
Басқа 7. 2007 жылда аумақтарында ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауылдық округтар мен кәсіпорындардың тізбесі
2007 жылдың «9» қаңтардағы № 5 2007 жылда Аршалы ауданында «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша 2007 жылда аумақтарында ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауылдық округтар мен кәсіпорындардың тізбесі Ауылдық округтардың атаулары, кәсіпорын, ұйымдардың атауы Жұмыстардың түрлері Атқарылған жұмыстардың түрлері мың теңге Жұмыстардың ұзақтығы үш ай (адам саны) Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны (адам саны) Барлығы Соның ішінде 1 2 3 4 5 6 Анар Ауылдық округтардың аумақтарың көріктендіру, аумақтарды қардан тазарту жалғызбасты қарт және ҰОС зейнеткерлерінің пәтерлерін жөндеуге көмектесу, олардың бақшаларын қопсыту және өңдеу, ағаш отырғызу 672,8 қаңтар-3 сәуір - 7, шілде-13. 23 23 Александров Ауылдық округтардың аумақтарын көріктендіру, әлеуметтік-мәдени нысаналарды жөндеу, жалғызбасты қарттардың пәтерлерін жөндеуге көмектесу, көркемдік кітаптарды жаңғырту 175,5 мамыр -6, 6 6 Акбұлақ Ауылдық округ аймағын көгалдандыру, көріктендіру 497,3 қаңтар-1 сәуір-7, шілде-6 қазан-2 16 16 Аршалы кенті Кенттік округтың аумағын көріктендіру, аққала кұру, ағаштарды және бұталарды отырғызу, скверлерге күтім жасау, жол шұңқырларын жөндеу, караусыз ғимараттарды бұзу, жалғызбасты қарттар мен зейнеткерлердің және мүгедек жандардың пәтерлерін жөндеуге көмектесу, аумақты тазалауда коммуналдық- тұргын-үй шаруашылыгы мекемесіне комектесу. 1903,2 қаңтар-13, сәуір-18, шілде-16, қазан-19. 66 66 Бірсуат ауылды, стадионды көріктендіру ағаштарды және бұталарды отырғызу, жалғызбасты қарт зейнеткерлерге және мүгедек жандардың пәтерлерін жөндеуге көмектесу, олардың бақшаларын отырғызу және өңдеу. Мәдени қызметкерлеріне мал шаруашылығы инспекторына көмектесу. 614,3 қаңтар -2 сәуір -3 мамыр-8, шілде-1 тамыз-1, қыркүйек-4. 21 21 Вячеслав Аумақты қардан тазалау, шұңқыр жолдарды жөндеу, Ауылдық округтардың аумақтарын көріктендіру, ағаштарды отырғызу, мәдени-әлеуметтік нысаналарды жөндеу, халықты құжаттандыру бойынша тәртіп сақтау органдарына көмектесу 380,3 қаңтар -2 сәуір-5 тамыз -6, қараша-1, 13 13 Волгодонов Ауылдық округтің аумағын, стадионды көріктендіру, әлеуметтік мәдениет объектілерді жөндеу, жалғызбасты қарт зейнеткерлерге пәтерлерін жөндеуге көмектесу. Әлеуметтік карталарды толтыруда көмектесу, мектепке және жылу жүйесіне күзетке тұру 643,6 қаңтар-2 сәуір-3, мамыр-7, маусым-3 шілде-3 қазан-3 22 22 Ижевск Ауылдық округтің аумағын көріктендіру, ағаш отырғызу, жалғызбасты қарт зейнеткерлердің және мүгедектердің пәтерлерін жөндеуге көмектесу, әлеуметтік карталарды толтыру және халықтық санаққа қатысу. Әскерге шақыру комиссия сына көмектесу. Кітаптарды жаңғырту. 468,0 қаңтар -2, сәуір-6, маусым-2, тамыз-4, қазан-2. 16 16 Константинов Ауылдық округты көріктендіру, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу. 409,5 қаңтар-4 сәуір-6, шілде-6 қазан-4 14 14 Красноозер Ауылды көріктендіру, ағаш отырғызу, аулалық аралау және әлеуметтік карталарды түзу. Ескерткіш терді жөндеу 201,0 қаңтар-1, мамыр-5, қазан -1, 7 7 Михайлов Тәртіп сақтау органдарына құқұқтық тәртіп орнатуга практикалық көмек көрсету, Ауылдық округтін аумағын көгалдандыру және көріктендіру, Кітапханадағы кітаптарды қалпына келтіру, жалғызбасты қарт зейнеткерлердің және мүгедектердің пәтерлерін жөндеу, ескі қараусыз ғимараттарды бүзу. 689,1 қаңтар-3 сәуір -8, мамыр-3, шілде-9 қазан-1 24 24 Нововладимиров Ауылдық округтің аумағын көріктендіру, жалғызбасты зейнеткерлердің және мүгедектердің пәтерлерін жөндеу және жолдарды жөндеуден өткізу. 402,0 сәуір -4, мамыр-8, маусым-2. 14 14 Сарыоба Ауылдық округтің аумағын көріктендіру, жалғызбасты зейнеткерлердің және мүгедектердің тұрғын- үйлерін жөндеу, ағаш отырғызу, әлеуметтік карталарды толтыру 373,3 қаңтар-1 мамыр-12. 13 13 Прокуратура Ғимаратты күзету, канцеляриядағы жұмыс. 117,0 қаңтар -2 шілде-2. 4 4 Әділет басқармасы Құжаттар, іс-қағаз жұмыстары. 58,5 қаңтар -2 2 2 Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі Әскерге шақыру комиссиясының жеке істерін және құжаттарын рәсімдеу үшін 117,0 қаңтар-1 наурыз-2 қыркүйек-1 4 4 Қоршаған ортаны қорғау инспекциясы Іс-қағаздарды жүргізу 29,2 қаңтар-1 1 1 Музыка мектебі бөлмелерде жөндеу жұмысын жүргізу. 117,0 мамыр-4. 4 4 Балалар щығармашылық орталығы Бөлмелерде жөндеу жұмысын жүргізу. 117,0 маусым-4. 4 4 № 1 Аршалы орта мектебі Мектеп бөлмелерін жөндеу жұмыстары 117,0 маусым-4. 4 4 № 2 Аршалы орта мектебі Мектеп бөлмелерін, жылу ошағы мен жүйелерін жөндеу. аумақты көріктендіру. 234,0 мамыр-8. 8 8 Жас техниктер станциясы Бөлмелерін жөндеуден өткізу. 58,5 маусым-2 2 2 Көші-қон полициясы бөлімі құжаттарды қайта рәсімдеу, шетел азаматтарын тіркеуге алу құжаттарын жүргізу. 58,5 қаңтар -1 шілде -1. 2 2 Құрылыс бөлімі Іс-қағаз жұмыстары 58,5 қаңтар -1 1 1 Салық комитеті Салық төлеуші жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге алу туралы өтініштерін қабылдау және қайта қарау. Жергілікті бюджетті есептеу 29,2 сәуір-1 1 1 Ішкі саясат бөлімі Есеп беру, іс-құжаттарын жүргізу 29,2 қаңтар-1 1 1 Жылжымайтын мүлік бойынша орталық Іс-құжаттарын қайта қарау 58,5 қаңтар-2 2 2 Барлығы: 8777,0 300 300