Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабыны 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын: аз қамтылғандар; жиырма бір жасқа дейінгі жастар; балалар үйінде тәрбиеленгендер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғыз басты, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен үнемі күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп, танылған адамдары бар азаматтар; жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл калған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар; мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар; ұзақ уақыт (жылдан артық) жұмыс істемейтін азаматтар; жоғары, орта-арнайы, кәсіптік білімін, және дайындау курс оқуын бітіргеннен кейін, жұмыс стажы болмаған түлектер.
Тармақ 2
2. Федоров селосы және селолық округтердің әкімдеріне «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Федорова О.Ф.):
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілер:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
Тармақша 2
2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын «Федоров аудандық қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне толық көлемде ақпарат берсін;
Тармақша 3
3) Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бос жұмыс (бос лауазым) орындары пайда болған күннен бастап үш күн ішінде олар туралы мәлімет берсін;
Тармақша 4
4) Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылду немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде (Федоров аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.