Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости на 2007 год по Жаркаинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Жарқайың ауданы бойынша 2007 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамтуға көмектесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына мақсатты топқа кіретін және әлеуметтік қорғауды мейлінше мұқтаж ететін тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың мақсатты тобы қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың қоса берілген тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Державин қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзара қарым-қатынаста болып, мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2006 жылдың 14 ақпанында № 1-12-27 болып тіркелген Жарқайың ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 11 «Жарқайың ауданы бойынша мақсатты топтарды және олардың жұмысқа орналасуларына көмектесу жөніндегі 2006 жылға арналған шараларды анықтау туралы» Қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қаулы Жарқайың ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға жатады.
Басқа 6. 2007 жылға мақсатты топтарға кіретін азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Жарқайың ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарының ТІЗІМІ
Жарқайың ауданы әкімдігінің
2007 жылдың 10 қаңтар
№ А-1/6 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2007 жылға мақсатты топтарға кіретін азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Жарқайың ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарының ТІЗІМІ
Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы
Барлық жұмыс орны
Оның ішінде
Аз қамтамасыз етілгендер
24 жасқа дейінгі жастар
Балалар үйінде тәрбиелен гендер, жетімдер, қамқоршы сыз, әке-шешесі жоқ, 23 жасқа дейінгі балалар
Кәмелетке толмаған
Балалары бар жалғызбасты және көп балалы ата-аналар
Күтім қажет етуші адамдары бар азаматтар
Зейнеткер жасының алдындағы адамдар
Ұзақ мерзімде жұмыс істемейтіндер
Мүгедектер
ҚР қарулы күштер қатарынан босағандар
Бас бостандығынан айырушы орыннан босағандар
Көшіп келушілер және оның ішінде оралмандар
Жарқайың ауданының «Білім беру бөлімі» ММ
29
10
10
4
4
1
«Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» ММ
10
2
3
4
1
ЕЦ 166/26 мекемесі
12
2
4
3
3
«Орталық аудандық ауруханасы» ММ
14
3
3
3
3
1
1
Жарқайың ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушы транспорты мен автокөлік жолдары бөлімі жанындағы «Коммунсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
10
1
4
4
1
Барлығы
75
18
24
14
15
1
1
2
ММ - мемлекеттік мекемесі
МКК - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын