Об организации социальных рабочих мест в Жаркаинском районе в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарқайың ауданында 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының 4 тармағының негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) «Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру және ұйымдастыру Ережесі»
Тармақша 2
2) Әлеуметтік жұмыс орнын құрушы мекемелер тізбесі бекітілсін (келісім бойынша).
Тармақ 2
2. «Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жылы мекемелерде құрылған әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражатынан және жұмыс берушінің жұмсалатын жартылай өтемақысынан жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Жарқайың ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жыл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2006 жылдың 14 ақпанында № 1-12-26 болып тіркелген Жарқайың ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 10 «Жарқайың ауданында 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» Қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қаулы Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға жатады.
Басқа 10
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 10 қаңтар № А-1/7 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Қосымша № 1 Жарқайың ауданы бойынша 2007 жылға әлеуметтік жұмыс орнын құрушы кәсіпорындар мен мекемелер ТІЗІМІ
Тармақ 1
1. Автокөлік жолдары мен жолаушы транспорты тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жанындағы «Коммунсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын - 25
Тармақ 2
2. «Интернационал Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 6
Тармақ 3
3. «СЭН-ТАО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 5
Тармақ 4
4. «Елімай - К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 6
Тармақ 5
5. «Ұлы Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 5
Тармақ 6
6. Шаруашылық қожалықтары - 20
Тармақ 7
7. Жеке кәсіпкерлер - 15
Тармақ 8
8. «Ақтөбе-О» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 8
Басқа 19
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 10 қаңтар № А-1/7 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида Негізгі Ереже халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, негізгі жағдайды және әлеуметтік жұмыс орнын ұсынған ұйымдармен (жекеменшік түрге байланыссыз) есеп-қисап жүйесін реттейді. Берілген Ереженің күшіне енуі үшін құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «2001 жылғы 23 қаңтарындағы №149 Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңы болып табылады. Ережеде қолданылған негізгі түсініктер:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орны, ұйымдарда мемлекеттік тапсырыспен арнайы ұйымдастырылған жұмыс орны, бұл әрі қарай өз бетімен жұмысқа орналасу және кәсіптік білім алу үшін қажетті, олардың жұмыс тәжірибесі мен кәсіптік дағды дағды алу үшін арнайы тұлғалар тізімімен мақсатты бос орын (квота). Әлеуметтік жұмыс орны - бұл жұмыс берушінің жергілікті атқару органдармен келісім негізінде мақсатты топқа кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс беруші олардың еңбегін жартылай шығын өтемімен, жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жұмыс орны.
Тармақ 2
2. Мақсатты топ - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен бекітілген жұмысқа орналасуда қиналған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар тобы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті органдар халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру да көмектеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушінің жартылай шығын өтемімен жеке қаражат есебінен қаржыландырумен олардың еңбегі жергілікті бюджет қаражатынан анықталады және құрылады.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқару органдары жұмыс берушілермен халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздардан әлеуметтік жұмыс орнына, қабылданғандарға еңбекақысын, төлеуге, жартылай шығын өтем төлеміне көмек көрсету бойынша келісімге отырады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және олардың еңбегін төлеуге арналған бюджет қаражаты тиімді жұмсау мақсатында жұмыспен қамту бөлімдері халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құратын және ұсынатын ұйымдардың тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға жолдама беру өкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мақсатты топқа кіретін аз қамтылған жұмыссыздардың басымдылық құқығы бар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру шарты және көзі
3. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру шарты және көзі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орынға қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу жеке еңбек келісім-шартына сәйкес және орындалатын жұмыстың сапасына, санына, қиындығына қарай әр ай сайын жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуде жұмыс берушінің шығындары 50 пайыздық көлемде алты айдан кем емес мерзімде төменгі еңбекақымен жергілікті бюджеттен өтеледі. Бюджеттік қаражатты аудару бойынша есептер жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін еңбекақыға белгіленген заңнамалық тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған көлемінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер, жергілікті бюджеттен ақшалай түсімді әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа алынған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу бойынша жұмсалған шығын өтеміне қолданады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін қадағалауды бақылау мемлекеттік - органдармен белгіленген заңнамалық тәртіппен жүзеге асады.