Об организации социальных рабочих мест в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлектгік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабын, 7 бабтың 5-4) тармақшасын негізге алып, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар шығынынық жартылай өтемақысының мөлшері қалалық бюджетінен айына ең төменгі жалақы мөлшерінен 50 пайыз көлемінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздардың еңбекақылары нақты жұмыс істегені үшін дербес шоттарына енгізу жолымен қалалық бюджет қаражатынан төленсін.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыз жүрген азаматтарға, қалалық бюджеттен төленген қаражаттарды қоспай отырып, жалақысын төлесін.
Тармақ 6
6. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № ә-1/17 «2006 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысы (Степногорск каласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 2 ақпанында № 1-2-35 тіркелген, 2006 жылдың 23 ақпанында № 8 (218) «Престиж» газетінде жарияланған);
Тармақша 2
2) Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № ә-6/234 «Степногорск қ. әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № ә-1/17 «2006 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 2 мамырында № 1-2-43 тіркелген, 2006 жылдың 17 мамырында № 6 (6) «Степногорск ақшамы» газетінде жарияланған);
Тармақша 3
3) Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № ә-11/397 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № ә-1/17 «2006 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 12 шілдесінде № 1-2-49 тіркелген, 2006 жылдың 27 шілдесінде № 16 (16) «Степногорск ақшамы» газетінде жарияланған).
Тармақ 7
7. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д.Р. Қадыровқа жүктелсін.
Басқа 12. 2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесі
Степногорск қ. әкімдігінің 25.12.2006 № ә-23/724 қаулысымен бекітілген 2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесі № Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы Мамандық 1. «Қазпошта» АҚ АОБ Дүңгіршекте жұмыс істейтіндер мен операторлар 2. «Руслан и Жанна» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар және күзетші 3. «Шаңтөбе-Сервис» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 4. «Рахат» ӨК Әр түрлі жұмыстағы адамдар және газоэлектросварщик 5. «Шаңтөбе-Энерго» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 6. Зенченко ЖК Тігіншілер 7. Джиоева ЖК Күзетшілер 8. Жаңағұлова ЖК Наубайшы, асхана жұмысшысы, аспазшы, жүкші, сатушы 9. «Молодежный» ПИК Салықшы-сырлаушылар, темір ұсташы-сантехниктер, көгалдандырушылар, аумақ тазалаушылары, әр түрлі жұмыстағы адамдар 10. «Надежда» ПИК 11. «Весна» ПИК 12. «Восток» ПИК 13. «Вита-СТ» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар, этикеткалар жабыстырушы 14. «Қазақ-Қытай Бірлескен Тау Кәсіпорны» ЖШС Жай тазалаушылары, аумақ тазалаушылары, асхана жұмысшылары, әр түрлі жұмыстағы адамдар 15. «Жатақхана» ЖШС Аумақ тазалаушылары, вахтерлар 16. «Джет-7» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 17. «Биоком» ЖШС Жұмыс жайлардың тазалаушысы, аула тазалаушысы 18. «Молторг» ЖШС Сатушылар 19. «Школьное питание» ЖШС Аспазшылар мен наубайшылар 20. Волосникова ЖК Асхана жұмысшысы 21. Бекмағамбетова ЖК Асхана жұмысшысы 22. Кенжина ЖК Тігіншілер, сатушылар мен жүкші 23. Мамедова ЖК Сатушылар 24. Нұрбаев ЖК Наубайшылар, жүкшілер мен жайлардың тазалаушылары 25. «Балу» ШҚ Әр түрлі жұмыстағы адамдар 26. «Время» ШК 27. «Олжас» ШК 28. Жакпарова ЖК Асхана жұмысшылары, аспазшы, сатушы және жүкші 29. Тачилова ЖК Аппаратшылар 30. «Универбаза» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 31. «МашзаводМұнай» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 32. «Агро-шанс» ЖШС Күзетшілер мен асхана жұмысшылары 33. «АНЛФА» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 34. «Казақалтын ГМК» АҚ