Об утверждении Правил организации и финансирования социальных рабочих мест в Аршалынском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5- бабының 2 тармағы негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын жасаған кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджет қаржысынан жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы аудан әкімінің орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6
БЕКІТІЛГЕН «Аршалы ауданында 2007 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің № 6 Қаулысымен 2007 ж. «9» қаңтар Аршалы ауданында 2007 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі (әрі қарай Ереже) халықтың мақсатты тобының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын заңды тұлғалармен меншік түрінен тәуелсіз немесе жеке кәсіпкерлермен жасалатын негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже әрекетінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктемелер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісімі арқылы ұсынылатын жұмыс орны. Бұл орынға қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жіберілген жұмыс берушінің шығысының белгілі бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен өтеледі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселері бойынша өкілетті орган - жергілікті атқару органдарының аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін және жұмыссыздықтан әлеуметтік жағынан қорғайтын құрылымдық бөлімше;
Тармақша 3
3) мақсатты топтар -Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтарға душар болған және әлеуметтік қорғауды талап ететін азаматтар тобы.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақымен қамтамассыз ету жене сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ осы жұмыс орындарына жергілікті бюджет қаржысынан алынып, олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігінен анықтайды немесе құрайды.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган) жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және еңбекақы шағысының бір бөлігін өтеу туралы шарт жасайды.
Тармақ 8
8. Жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша аудан әкімдігі халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын немесе ұйымдастыратын ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру келісім бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Мақсатты топқа кіретін күн көрісі төмен жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орнына орналасудың басым құқына ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақыларын төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Тармақ 12
12. Жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнына нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтарға жергілікті бюджет есебінен төленетін еңбекақыға заңда қарастырылған тәртіп бойынша салық салынады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу үшін шыққан шығысы жергілікті бюджеттен алты айдан кем емес мерзімде, еңбекақаның ең аз мөлшерінің 50 пайызы көлемінде, бюджетте жұмыспен қамту бағдарламасында қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады. Бюджеттік қаржы жұмыс берушінің жеке идентификациялық кодына аударылады.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақыларын төлеу үшін шыққан шығыстарын өтеу үшін пайдаланады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзім өткеннен кейін (жұмыс берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мүмкін. Бұл орындағы жұмысшының еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі және бюджеттен өтелмейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің орындалуына бақылау жасау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің орындалуына бақылау жасау
Тармақ 17
17. Ереженің сақталуына бақылау жасауды жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган жүргізеді.
Басқа 31
«2007 жылға арналган Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және Ережесін бекіту туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың «9» қаңтарындағы № 6 Қаулысына № 1 Қосымша 2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындары кұрылатын кәсіпорындар ТІЗБЕСІ № р/с Кәсіпорынның атауы Мамандық Жаңадан пайда болған жұмыс орнының саны Бекітілген келісім шарттар саны /қосындысы/ 1. «Қазшпал» АҚ Қалыпшы -12 Темірші -9 Жүк тасушы -1 Вахтер -1 Электрик -1 Даяршы -1 25 731,3 2. Аршалы ауданының АПББ Оператор ПВЭМ-1 Почтальон-1 2 58,5 3. «Сары-оба Астық» ЖШС Жылқышы -1 Бөлмелерді тазалаушы – 1 Қарауыл -1 Нанбайшы -3 Даяршы -3 Сүт өнімдерінің жұмысшысы-1 10 292,5 4. «Қойгелді Астық» ЖШС Жұмысшы -3 3 87,7 Жалпы 40 1170,0