Қолданыстағы ред. 05.01.2007

2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы от 05.01.2007 г. № 01 (2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы)

0

2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Занының 7 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2007 жылғы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.

2

2. Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е.Сқақов) бекітілген тізбеге сәйкес 2007 жылғы арналған жергілікті бюджетте қоғамдық жұмысқа қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға ұйымдастыруды жүзеге асырсын.

3

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасындағы жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.

4

4. Арыс қалалық қаржы бөлімі (Т.Әшенов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақытылы бөлінуін
қамтамасыз етсін.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Сұлтановқа жүктелсін.

6

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

7

Арыс қаласы әкімдігінің
2007 жылғы «05» қаңтар
№ 01 қаулысымен
бектілген

Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың
түрлері
Жұмыспен
қамтылғандардың
саны
1
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдык округ әкімі аппараттары
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
32
2
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Жолдар құрылысы, оларды жөндеу
10
3
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу
30
4
Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ішкі істер бөлімі
Берілген өтінімдеріне сәйкес Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі және ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу
20
5
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары, қалалық мектептер
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу
30
6
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Тұрғын үй, шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету
50
7
Арыс қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету мекемелері
Аймақтық
экологиялық
сауықтыру,
көріктендіру
40
8
Арыс қаласының тұрғын үй, комммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
'88
9
Мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
30
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1, 4 ай. Іс жүзіндегі сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі, 2007 жылғы арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақымен ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа пайдалана алатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.