Қолданыстағы ред. 29.12.2006

2007 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы от 29.12.2006 г. № 250 (2007 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы)

0

2007 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі бекітілсін (қосымша қоса тіркелді).

2

2. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 207 "2006 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы" (мемлекеттік тіркеу № 9-9-20 2005 жылғы 14 желтоқсанында тіркелген аудандық "Біздің Торғай" газетінің 2005 жылғы 20-31 желтоқсан аралығындағы № 30 (7798) санындағы жарияланған) қаулының күші жойылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Әубәкіровке жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің ТІЗБЕСІ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 250 қаулысына
қосымша
Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің ТІЗБЕСІ

1

1. "Жанкелді коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

2

2. Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің Жангелдин ауданы әкімдігінің "Болашақ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

3

3. "Заман - 05" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.