Об использовании целевых текущих трансфертов, предусмотренных в республиканском бюджете на 2007 год, на обеспечение нуждающихся инвалидов обязательными гигиеническими средствами и предоставление услуг специалистами жестового языка, индивидуальными помощниками в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану туралы "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, ағымдағы нысаналы трансферттердiң уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге мiндетті гигиеналық құралдар берiлуiн және ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiн;
Тармақша 2
2) ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 74 қаулысымен бекiтiлген 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), астананың әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi - ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган) мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуi жөнiндегi аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
Тармақ 3
3. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады.
Тармақ 4
4. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, есту бойынша мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуi халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органның аумақтық органы әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мiндеттi гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер, жүрiп-тұруы қиын және жеке көмекшiлердiң қызметiне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедектер, ымдау тiлi мамандарының қызметiне мұқтаж ecту бойынша мүгедектер ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтiнiш;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 3
3) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi;
Тармақша 4
4) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндiнiң көшiрмесi.
Тармақ 6
6. Өзi баруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда мүгедек нотариалды куәландыруды талап етпейтiн сенiмхат негiзiнде, мiндеттi гигиеналық құралдарды беру, ымдау тiлi маманының, жеке көмекшiлердiң қызмет көрсетуi туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкiлеттiк бере алады.
Тармақ 7
7. Құжаттар ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға салыстырып тексеру үшiн түпнұсқада және көшiрмелерде ұсынылады. Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш иесiне қайтарылады.
Тармақ 8
8. Осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес медициналық көрсетiмдердiң негiзiнде мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сай мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге, ымдау тiлi мамандарының қызметiне мұқтаж есту бойынша мүгедектерге жеке көмекшiлердiң қызмет көрсетуi туралы ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша шешiмдi (бұдан әрi - шешiм) ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган барлық қажеттi құжаттар болған кезде қабылдайды. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмдi қабылдағаннан кейiн мiндеттi гигиеналық құралдармен, ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтерiмен қамтамасыз етiлуге жататын мүгедектер туралы мәлiметтер (бұдан әрі - мәлiметтер) жасалады.
Тармақ 9
9. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган алдыңғы жылдың аяғында мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының және мүгедектер туралы мәлiметтердiң негiзiнде мiндеттi гигиеналық құралдарға, ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтерiне мұқтаж мүгедектердiң саны туралы өтінімдерді жасайды және оларды ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
Тармақ 10
10. Ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiмдердiң негiзiнде: тiзбесi мен санын көрсете отырып, мiндеттi гигиеналық құралдарға; ымдау тiлi мамандарының қызметiне; жеке көмекшiлердiң қызмет көрсетуiне мұқтаж мүгедектердiң саны туралы жиынтық өтiнiмдi жасайды.
Тармақ 11
11. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген қаражатты бөлудi ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына сәйкес жиынтық өтiнiмдердiң негiзiнде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тiлі мамандарының қызметтер көрсетуiне арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
2. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тiлі мамандарының қызметтер көрсетуiне арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) төлем шотының, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң негiзiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ұсынған деректемелер бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, жеке көмекшiлердiң және ымдау тiлi мамандарының қызметтер көрсетуiне арналған қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударады.
Тармақ 13
13. Ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, жеке көмекшiлердiң және ымдау тiлi мамандарының қызметтер көрсетуiне арналған қаражатты ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға аударады.
Тармақ 14
14. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi гигиеналық құралдарды, ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтерiн сатып алуды жүргiзедi.
Тармақ 15
15. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган есептiден кейiнгi айдың 1-күнiне дейiн ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органға мiндеттi гигиеналық құралдарды сатып алуға, мүгедектерге ымдау тiлi мамандары мен жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, тұратын жерiн, алған мiндеттi гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғаны туралы белгiнi көрсете отырып ұсынады.
Тармақ 16
16. Ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Министрлiкке мiндеттi гигиеналық құралдар сатып алуға, мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық есептi ұсынады.
Тарау 3. 3. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдаланудың ерекшелiктерi
3. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдаланудың ерекшелiктерi
Тармақ 17
17. Жеткiзушiден мiндеттi гигиеналық құралдарды қабылдап алуды ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган онымен жасалған жеткiзiп беру шартына сәйкес жүзеге асырады. Жеткiзушiден мiндеттi гигиеналық құралдарды қабылдап алу aктіci екi данада жасалады:
Тармақша 1
1) бiрiншi данасы ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органда қалады;
Тармақша 2
2) екiншi данасы жеткiзушiге берiледi. Актiнiң барлық даналарына ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның және жеткiзушiнiң өкiлдерi қол қояды.
Тармақ 18
18. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мiндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектер туралы мәлiметтерге сәйкес мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, тұратын жерiн, алынған мiндеттi гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғаны туралы белгiнi көрсете отырып ұйымдастырады.
Тармақ 19
19. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетiмдер негiзiнде мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Терi қабаттары бүтiндiгiнiң ауқымды бұзылуы, сондай-ақ сан аралығындағы терi ауруларының болуы мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен (памперстермен) қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетiмдер болып табылады.
Тармақ 20
20. Мүгедектерге мiндеттi гигиеналық құралдар барлық қажеттi құжаттары болған кезде өтiнiш берген айдан бастап берiледi.
Тарау 4. 4. Мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ерекшелiктерi
4. Мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 21
21. Мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтерi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетiмдер негізiнде мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес көрсетiледi. Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеудi талап ететiн мынадай аурулар мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтерiн көрсетуге медициналық қарсы көрсетiмдер болып табылады: белсендi фазадағы туберкулез (БК+); терi және шаштың жұқпалы аурулары; жыныс аурулары; адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындаған ауру; неврозды, неврозтектес жай-күйлердi, жеңiл дәрежедегi есуастықты, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бiр реттен аспайтын) жарыместiгi мен адамның айқын бiлiнетiн өзгеруi жоқ түрлi этиологиядағы дiрiлдеу синдромдарын қоспағанда, психикалық бұзылулар; тұрақты күтiм мен көмекке қажеттiлiкке әкеп соқтыратын аурудың және/немесе жарақаттың салдарлары.
Тармақ 22
22. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мен ымдау тiлi маманының немесе жеке көмекшiнiң арасындағы қатынастар қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрi - шарт) ресiмделедi. Шартта ымдау тiлi мамандары мен жеке көмекшiлерге қойылатын талаптар мен олар көрсететiн қызметтер жазылады:
Тармақша 1
1) еститiн және естiмейтiн адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетумен байланысты жұмысты орындау: мүгедек конференцияларға, пiкiрталастарға және өзге де қоғамдық iс-шараларға қатысқан уақытта, есту бойынша мүгедек оқуға, жұмысқа орналасуға, өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және оларды iске асыруға, мемлекеттiк органдар мен консультация ұйымдарында ақпарат алуға, қажеттi құжаттарды ресiмдеуге байланысты мәселелердi шешу үшiн еститiн адамдармен қарым-қатынаста болған кезде ымдау тiлiнен және ымдау тiлiне кәсiби аударма жасау;
Тармақша 2
2) мүгедектi тұратын жерiнен бару пунктiне дейiн және керi қарай: жұмысқа, оқу орнына, сондай-ақ мүгедек жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтiк сала объектiлерiне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-көпшiлiк iс-шараларға, спорт ғимараттарына, сауда объектiлерiне, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына және оқуға, жұмысқа орналасуға, өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және оларды iске асыруға, ақпарат алуға, қажеттi құжаттарды ресiмдеуге, бос уақытын, демалысын өткiзуге, тауарлар мен қызметтер сатып алуға байланысты мәселелердi шешу үшiн өзге де ұйымдарға барған кезде оны iлестiрiп жүру.
Тармақ 23
23. Ымдау тiлiнiң мамандары мен жеке көмекшiлердiң қызметтерiне ақы төлеудiң шарттары, оның iшiнде жол жүру мен өзге де шығыстар, сондай-ақ жұмыс уақытының есебi, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтерi мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi шартта келiсiледi.
Тармақ 24
24. Ымдау тiлi маманының бiр сағаттағы қызметiне ақы төлеу ең төменгi жалақы мөлшерiнiң он бес пайызы есебiнде, бiрақ жылына отыз сағаттан асырылмай жүзеге асырылады. Бiр қаржы жылында отыз сағаттан артық қызмет көрсетуге жұмсалған уақыт мүгедектiң меншiктi қаражаты есебiнен төленедi.
Тармақ 25
25. Жеке көмекшiнiң қызметтерiне ақы төлеудi ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне сәйкес әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманның бiр сағаттағы жалақысы мөлшерi есебiн негiзге ала отырып, бiрақ күнiне 8 сағаттан асырмай жүргiзедi.
Тармақ 26
26. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мен ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтерiн ұсынатын үкiметтiк емес ұйымдардың арасындағы қатынастар мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыру шартымен ресiмделедi.
Тармақ 27
27. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектерге ымдау тiлiнiң мамандары және жеке көмекшiлер көрсететiн қызметтердiң сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Басқа 1. Мүгедектерге мiндеттi гигиеналық құралдар беруге медициналық көрсетiмдер
2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiне 1-қосымша Мүгедектерге мiндеттi гигиеналық құралдар беруге медициналық көрсетiмдер
Тармақ 1
1. Мүгедектерге памперстер беруге медициналық көрсетiмдер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) аурудан және/немесе жарақат салдарынан болатын несептiң және нәжiстiң ұстамауы түрi бойынша жамбас органдары функцияларының бұзылуымен ұштасатын ағзаның статикалық-динамикалық бұзылушылықтары;
Тармақша 2
2) өз мiнез-құлқын бақылаудың бұзылуынан болатын психикалық бұзылушылық салдарынан несептiң және нәжiстiң ұстамауы;
Тармақша 3
3) несеп шығару жолдары мен тiк iшек жарақаты, омыртқа жұлынының, несеп шығару жүйесi мен асқазан-iшек жолының туа бiткен ауытқулары салдарынан несептiң және нәжiстiң ұстамауы түрi бойынша жамбас органдары функцияларының бұзылуы.
Тармақ 2
2. Ішек пен қуық стомасының болуы мүгедектерге несеп қабылдағыштар мен нәжiс қабылдағыштар беру үшiн медициналық көрсетiмдер болып табылады.
Басқа 2. Ымдау тiлi маманының, жеке көмекшiлердiң қызметтерiн ұсынуға медициналық көрсетiмдер
2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiне 2-қосымша Ымдау тiлi маманының, жеке көмекшiлердiң қызметтерiн ұсынуға медициналық көрсетiмдер
Тармақ 1
1. Ымдау тiлi мамандарының қызметтерiн көрсетуге медициналық көрсетiмдер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) керең-мылқаулық;
Тармақша 2
2) естудi протездеуге жатпайтын мүлдем естiмеушiлiк;
Тармақша 3
3) естудi протездеуге жатпайтын III-IV дәрежедегi құлақ мүкiстiгi;
Тармақша 4
4) моторлы афазия;
Тармақша 5
5) таңдайдың болмауы.
Тармақ 2
2. Жеке көмекшiлердiң қызметтерiн көрсетуге медициналық көрсетiмдер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) мүлдем соқырлық;
Тармақша 2
2) екi көздiң де түзеумен 0,03-ке дейiнгi көру өткiрлiгi;
Тармақша 3
3) едәуiр немесе айқын бiлiнетiн вестибуларлық-мишық бұзылушылықтары;
Тармақша 4
4) едәуiр немесе айқын бiлiнетiн гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
Тармақша 5
5) паркинсонизм (едәуiр немесе айқын бiлiнетiн акинетикалық-регидтiк нысан);
Тармақша 6
6) едәуiр немесе айқын бiлiнетiн: аурудан немесе жарақат салдарынан болған гемипарез, төменгi парапарез, трипарез, тетрапарез;
Тармақша 7
7) гемиплегия, триплегия, тетраплегия, параплегиясы;
Тармақша 8
8) қан айналымы мен тыныс алу функцияларының едәуiр немесе айқын бiлiнетiн бұзылушылықтары (қан айналымының III сатыдағы жеткiлiксiздiгi, IV функционалдық сынып стенокардиясына сәйкес коронарлық жеткiлiксiздiк, ІІ-III және III сатылардағы өкпе-жүрек жетiспеушiлiгiмен ұштасқан ІІI дәрежедегi тыныс алу жеткiлiксiздiгi және т.б.);
Тармақша 9
9) несеп шығару жүйесi функциясының едәуiр немесе айқын бiлiнетiн бұзылушылықтары (бүйректiң III-IV дәрежедегi созылмалы жеткiлiксiздiгi);
Тармақша 10
10) III-IV дәрежедегi буын функцияларының бұзылуымен ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының едәуiр немесе айқын бiлiнетiн бұзылушылықтары;
Тармақша 11
11) екi қолдың протездеуге жатпайтын және жүрiп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын ампутациялық тұқылдары;
Тармақша 12
12) екi қол дамуының протездеуге жатпайтын және жүрiп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын туа бiткен ауытқулары;
Тармақша 13
13) екi санның протездеуге жатпайтын ампутациялық тұқылдары;
Тармақша 14
14) екi балтырдың протездеуге жатпайтын және қол жағынан айқын бiлiнетiн функционалдық бұзылушылықтары бар, жүрiп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын ампутациялық тұқылдары;
Тармақша 15
15) III дәрежедегi жүрiп-тұру бұзылушылығы бар аяқ дамуының туа бiткен ауытқулары;
Тармақша 16
16) жүрiп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қол жағынан айқын бiлiнетiн функционалдық бұзылушылықтар мен ұштасқан III-IV дәрежедегi буын бұзылушылықтары бар екi жамбас-санның немесе тiзе буындарының функционалдық ыңғайсыз жағдайдағы анкилоздары;
Тармақша 17
17) жүрiп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қол жағынан айқын бiлiнетiн функционалдық бұзылушылықтармен ұштасқан III-IV дәрежедегi буын бұзылушылықтары бар екi жамбас-санның немесе тiзе буындарының едәуiр немесе айқын бiлiнетiн конрактуралары.