О проведении одиннадцатых областных Игр народного спорта в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Халық спортының он бірінші облыстық ойындарын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 Заңы 23-1 бабы 2) және 4) тармақшаларына сәйкес, ауылда спорт және дене шынықтыруды дамыту үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы Халық спортының он бірінші облыстық ойындары (ілгеріде - Ойындар) келесі кесте бойынша откізілсін:
23-25 ақпан аралығында Тайынша ауданының Тайынша қаласында «Солтүстік» қысқы спорт мерекесі:
21-24 маусым аралығында Петропавл қаласында «Надежда» облыстық мугедектер спартакиадасы;
5-8 шілде аралығында Ақжар ауданының Талшық селосында «Ақ бидай» жазғы спорт мерекесі:
2-5 тамыз аралығында Айыртау ауданының Саумалкөл селосында ұлттық спорт түрлерінен облыстық спортакиада.
Тармақ 2
2. Ойындарға дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Солтустік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Ойындарды жарыстарды өткізу регламентіне сәйкес өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандар әкімі спортшыларды сапалы таңдау мақсатында Ойындар бағдарламасына енген спорт турлері бойынша аудандық жарыстар өткізсін және облыстық жарыстарға аудан құрама командаларының қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Петропавл қаласы, Айыртау, Ақжар, Тайынша аудандарының әкімі Ойындарды өткізу орындарын дайындауды, қатысушыларды, өкілдерді және төрешілерді тамақтандыру мен орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау департаменті Ойындарды өткізу кестесіне сәйкес оларды медициналық қызметпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәдениет басқармасымен бірлесіп Ойындардың салтанатты ашылуы мен жабылуын өткізу бағдарламасын дайындасын.
Тармақ 8
8. Ішкі істер департаменті Ойындар өткізілетін, спортшылар, өкілдер және төрешілер орналасатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ойындар өткізілетін орындарда санитарлық-гигиеналық бақылауды қамтамасыз етсін,
Тармақ 10
10. Ішкі саясат департаменті Ойындардын өткізілуін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Қаржы департаменті бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес көзделген жоспарлы ассигнациялар шегінде Ойындарды дер уаытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.К.Мырзалинға жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14
Облыс әкімдігінің 2006 жылғы
«27» желтоқсандағы № 347
қаулысына қосымша
2007 жылы Халық спортының он бірінші облыстық ойындарына дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Мырзалин Мәлік Кеңесбайүлы
облыс әкімінін орынбасары, үйымдастыру комитетінін торагасы
Дайыров Амангелді Алтайүлы
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, төраганың орынбасары
Комитет мүшелері
Бикенев Рустам Төлегенұлы
мәдениет басқармасынын бастығы
Воронцова Наталья Геннадьевна
денсаулық сақтау департаментінің бастығы
Есенеев Кайырғали Капезұлы
мемлекеттік санитарлық- эпидемиолоғиялық қадағала департаментінің бастығы
Құбаш Асылбек Сайлыбекұлы
ішкі саясат департаментінің бастығы
Құлжанова Тотықамал Ниязқызы
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
Маковский Анатолии Павлович
Тайынша ауданының әкімі
Перепечина Ольга Валентиновна
қаржы департаментінің бастығы
Пішенбаев Қаират Сәкенұлы
Ақжар ауданының әкімі
Рыскелдинов Сағатбек Бектілеуұлы
экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бастығы
Тәшенов Серік Сергалиұлы
ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
Токсанбаев Ысқақ Батайұлы
ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Төлегенов Баржақсы Рақымжанұлы
Айыртау ауданының әкімі