Об организации социальных рабочих мест в Есильском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл ауданында 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғауда қосымша шаралар белгілеу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2007 жылы ұжымдар мен кәсіпорындарда құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары құрылған ұжымдар мен кәсіпорындар тізімі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражатынан және бір бөлігі жұмыс берушінің шығындары есебінен жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды аймақтың 2007 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының көрсеткішіне сай қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы №а-1/2 «Есіл ауданында 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Әділет басқармасында 2006 жылы 30 қаңтарда №1-11-36 тіркелген) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Қаулы Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап күшіне енеді, одан кейін аудандық газетте міндетті түрде жариялануы тиіс.
Басқа 8
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № а-1/45 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Есіл ауданынды 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындары құрылған ұжымдар мен кәсіпорындар ТІЗІМІ №№ Ұжымдар Адам саны. Ұзақтығы айы Төлем көлемі 1 «Ғарыш» ЖШС 20 6 585120 2 «Қаракөл» ЖШС 33 6 965448 3 «Ново-Приречное» ЖШС 20 6 585120 4 «Коммунальщик» ЖШС 10 6 295560 5 «Ақниет» ЖШС 10 6 295560 6 «Жумабаева» ЖК 5 6 146280 7 «Агро союз 2» ЖШС 20 6 585120 8 «Момоток» ЖК 4 6 117024 9 «Левченко» ЖШС 3 6 87768 10 «Агро Олдиви» ЖК 3 6 87768 11 «Бондаренко» ЖК 5 6 146280 12 «Элеватор Красивое» ЖШС 9 6 263304 13 «Баймагамбетов» ЖК 5 6 139880 14 «Эйгерд» ЖК 3 6 87768 0 4 388 000