«Об организации общественных работ в Жаксынском районе в 2007 году» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жақсы ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы «Қазахстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің 7, 8 тармақтарына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтарға кезігетін жұмыссыздар үшін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтау үшін, оларды әлеуметтік қорғау мақсатында уакытша жұмыспен қамту үшін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
Тармақша 1
1) 2007 жылы аудандағы ұйымдарда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 2007 жылдың 1 ақпанға дейін ақылы қоғамдық жұмыс жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстың түрлері мен ауқымы және қойылатын нақты шарттары анықталып, аудан әкімдігіне бекітуге ұсынылсын;
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу аудан бюджеті қаржысынан Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес, жеке еңбек шарты негізінде атқарылған жұмыстың көлемі және қиындығына байланысты жүргізілсін;
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі аудандық бюджетте 2007 жылғы осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Төленетін қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға мүдделілік танытқан ұйым жетекшілеріне, ауыл мен ауылдық округтер әкімдеріне 2007 жылға тапсырысты Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарамалар бөліміне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № А-0/21 «Жақсы ауданында 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (2006 жылғы 09 ақпанда Жақсы ауданының әділет басқкармасында тіркеу мемлекеттік тізбесінде № А-13-20 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындаулын бақылау аудан әқімінің орынбасары К.Мұғаловаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.