Об утверждении перечня целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2007 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшін нысаналы топтарға енетін тұрғындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Харахорина Е.О. - келісім бойынша) тұрғындардың нысаналы топтарына енетін адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшін шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әулиекол ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 13 «Әулиекөл ауданында 2006 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» (тіркеу № 9-7-26, «Әулиекөл» газетінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 6 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшін нысаналы топтарға енетін адамдардың тізбесі
Әкімдіктің
2007 жылғы 18 қаңтардағы
№ 9 қаулысына қосымша
Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшін нысаналы топтарға енетін адамдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуына екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айрылу және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім мекемелерінің түлектері.