2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» N 149 Заңының 7, 20 бабтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесіне» сәйкес халықты жұмыспен қамту қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148 Занының 31-бабы, 1 тармағы, 13) тармақшысын басшылыққа ала отырып Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың мақсатты тобына жататын адамдар санаттарының
тізбесі бекітілсін ( №1 қосымша).
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. 2006 жьілы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін (№3 қосымша).
Тармақ 4
4. Жұмыссыздардың еңбек ақысы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыдан, ең төменгі жалақыдан кем болмайтын мөлшерде төленсін.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығынан ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын, жұмысқа қажетті керек-жарақпен және төлем жүргізу үшін құжаттарды тапсыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бәлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (М.М. Ибраимов) жұмыс берушілердің тапсырысына сәйкес жұмыссыздарды ақылы қоғамдық
жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін, жұмыссыздардың мақсатқа сәйкес пайдаланылуына және оларға уақтылы еңбекақы төленуіне
бақылау орнатсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. М.
Брынзовқа жүктелсін.
Басқа 8. Тұрғындардың мақсатты тобына жататын адамдар санаттарының
тізбесі
Жарма ауданы әкімдігі
2007 жылғы 16 қаңтардағы
№ 8 қаулысына
№ 1 қосымша
Тұрғындардың мақсатты тобына жататын адамдар санаттарының
тізбесі
Аз қамтамасыз етілгендер.
21 жасқа дейінгі жастар.
Балалар уйінің тәрбиеленушілері, 23 жасқа дейінгі жетім балалар және ата-ана
қамқорлы-ғынсыз қалған балалар.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызбасты, көп балалы ата-аналар.
Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтім, көмек пен қадағалау қажет деп танылған адамдарды, күтіп-бағып отырған
азаматтар.
Зейнеткерлік жасқа таяған адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке
шығуына дейінгі 2 жыл уақыт ішінде).
Мүгедектер.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан оралған азаматтар.
Бас бостандығынан айыру және (немесе) еріксіз емдеу орындарынан
босатылған, 50 жастан асқан адамдар.
Жазғы каникул уақытында 16 жастан асқан мектеп оқушылары және студенттер.
Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
М.Ибраимов
Басқа 9. Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері
Жарма ауданы әкімдігі
2007 жылғы 16 қаңтардағы
№ 8 қаулысына
№ 2 қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй - коммуналды шаруашылық ұйымдарына қалалардың, елді мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарын тазалауға
көмектесу.
Тармақ 2
2. Жол құрылысы және жол жөндеу, су құбырларын, газ құбырларын және канализациялық коммуникацияларды салу.
Тармақ 3
3. Суландыру су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 4
4. Құрылыс жұмыстарына қатысу, үйлерді, әлеуметтік-мәдени нысандағы объектілерді жөндеу, қайта жарақтандыру жұмыстарына қатысу.
Тармақ 5
5. Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру.
Тармақ 6
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру).
Тармақ 7
7. Көлемді мәдени нысандағы шараларды ұйымдастыруға көмектесу (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар, халық көркемөнерпаздарының көрінісі және басқалар), тұрғылықты жерлерінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыруға көмектесу өз жергілікті орындарында.
Тармақ 3
3. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге көмектесу (халық санағына, әлеуметтік сауалнамаға, шаруашылық кітаптарды нақтылауға қатысу, әскери комиссариаттардағы жұмыстар, салық органдарына көмектесу, пенсияны қайта тағайындау).
Тармақ 9
9. Мал семірту, құстарды жетілдіру, көкөніс және дәнді-дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімді маусымдық жұмыстар.
Тармақ 10
10. Ветеринарлық санитарлық - алдын алу шараларына қатысу.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес.
Тармақ 12
12. Үй шаруашылығына көмектесу, аурулар мен қарт адамдарды күту.
Тармақ 13
13. Құқықтық тәртілті және объектілерді күзету.
Тармақ 14
14. Маусымдық - жылыту жұмыстары.
Тармақ 15
15. Бөлмелерді тазалау, жинау.
Тармақ 16
16. Басқа түрлері.
Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
М.Ибраимов
Басқа 26. 2006 жьілы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбегі
Жарма ауданы әкімдігі
2007 жылғы 16 қаңтардағы
№ 8 қаулысына
№ 3 қосымша
2006 жьілы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбегі
Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
М.Ибраимов