2007 жылы акылы коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы акылы коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 - каңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-II Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 - маусымдағы «Қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері туралы» № 836 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 148-III Заңының 31-бабының 1- тармағының 13-тармақшасы негізінде Куршім ауданының әкімігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 - жылға ақылы коғамдық жұмыс түрлерін және коғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың тізімі және қоғамдық; жұмыстарды қаржыландыру көздері бекітілсін (1- қосымша).
Тармақ 2
2. Нысаналы топтарға жататын адамдарға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тізбесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын кұру бойынша кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің (келісімдері бойынша) тізбесі бекітілсін (3- қосымша).
Тармақ 4
4. Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т.Ч. Мысаев) ақылы коғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуді нақтылы атқарған жұмысына қарай еңбек шарты негізінде дифференциалдық тұргыда қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Куршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Т.Ч. Мысаев) ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар басшыларымен коғамдық жұмыс шарттарын уакытында жасау тапсырысылсын.
Тармақ 6
6.«2006 жылы акылы коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарың құру туралы» Куршім ауданы әкімдінің 2005 жылдың 15 - желтоқсанындағы № 1316 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Әділет басқармасында № 5-14-15 2005 жылы 22 желтоқсанда тіркелген).
Тармақ 7
7. Қаулы Әділет органдарында тіркеуден өткізілсін.
Тармақ 8
8. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
Басқа 10
Күршім ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18.01. № 2032 қаулысына 1-қосымша Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің меңгерушісі Т. Мысаев
Басқа 11
Күршім ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18.01. № 2032 қаулысына 2-қосымша Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің меңгерушісі Т. Мысаев
Басқа 12
Күршім ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18.01. № 2032 қаулысына 3-қосымша Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің меңгерушісі Т. Мысаев