Об утверждении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий Государственного регионального природного парка "Медеу" и Государственного регионального природного парка "Гора Кок-Тобе" местного значения по городу Алматы на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы бойынша 2007 жылға арналған жергілікті маңызы бар "Медеу" аймақтық Мемлекеттік табиғи паркі мен аймақтық Мемлекеттік "Көктөбе тауы" табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)"»
Кодексінің
477 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"
заңының
38 бабы 1 тармағына сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы бойынша 2007 жылға арналған жергілікті маңызы бар«"Медеу" аймақтық Мемлекеттік табиғи паркі мен аймақтық Мемлекеттік "Көктөбе тауы"» табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енедi.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Б. Біртанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баеділовке жүктелсін.
Басқа 4
ІІІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХХVII сессиясының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
N 313 шешіміне қосымша
Алматы қаласы бойынша 2007 жылға арналған жергілікті маңызы бар "Медеу" аймақтық Мемлекеттік табиғи паркі мен аймақтық Мемлекеттік "Көктөбе тауы" табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ р/с
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкалары
1 Туристік және рекреациялық мақсатта:
Жеңіл автокөлік
теңге/автокөлік
250
жүк автокөлігі
теңге/автокөлік
800
Бағыт автобусының төлемі
теңге/жыл
16000
ЕҚТА аумағындағы тұратын немесе саяжай телімдері бар көлік иелері
теңге/тоқсан
220
ЕҚТА аумағында жұмыс істейтін көлік иелері
теңге/тоқсан
915
ЕҚТА аумағында шара-
ларға жұмылдырылған автокөлік
теңге/7 күн
460
Ғылыми мақсатта (ғылыми зерттеулерді жүргізу)
адам-күн
115
2 Мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында:
-өлі табиғат нысанда-
рын, өсімдіктер мен жануарларды, тарихи-мәдени мұра нысандарын көрсету
адам-күн
115
- оқушылар мен студенттердің оқу саяхаттары мен сабақтарын, өндірістік тәжірибелерін өткізу
адам-күн
115
ғылыми кадрларды даярлау, қорық ісі, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
адам-күн
115
шектеулі шаруашылық мақсаттарында
адам-күн
115
12
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдалануға рұқсат беру
Табиғи монополия қызметін реттеу мен бәсекелестікті қорғау департаментінің келісімі бойынша