Махамбет ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Махамбет ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет Кодексінің 63-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес аудандық әкімияты ұсынған Махамбет ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетін қарап, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1- қосымшаға сәйкес мынандай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер – 1253665 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 505257 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 2910 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 4863 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша – 740635 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 1253665 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне және «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес мынандай түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) салықтық түсімдер: облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке салығы; республикалық бюджетке есептелетін акциздерден басқа, акциздер; облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жекеленген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аукционардан алынатын алым; жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқықтарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем; консулдық алымнан және республикалық бюджетке есептелетіндерден басқа мемлекеттік баж; механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; республикалық және облыстық бюджетке есептелетін сомалардан тыс басқа да салықтық түсімдер.
Тармақша 2
2) салықтық емес түсімдер: ауданның коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер; аудандық өкілді органның шешімі бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялардан түсетін кірістердің түсімі; аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер; аудандық бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін түсімдер; ауданның коммуналдық меншігіңдегі мүліктерді жалға беруден түсетін түсімдер; жергілікті мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем; аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер); иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен ауданның коммуналдық меншігіне өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер; аудандық атқарушы органдар тарататын гранттар; оған қатысты лицензиялық тәртіп белгіленген казиноның, тотализаторлардың және ойын бизнесінің лицензиясыз қызметінен түскен алып қойылған кірістер түсімі; анықталмаған түсімдер; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түімі; бұрын аудандық бюджеттен алынып пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы; аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері; аудандық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер; республикалық және облыстық бюджеттерге есептелетін сомалардан тыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да салықтық емес түсімдер.
Тармақша 3
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер: аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер;
Тармақша 4
4) трансферттерден түсетін түсімдер: ағымдағы нысаналы трансферттер; нысаналы даму трансферттері; субсвенциялар.
Тармақша 5
5) бюджеттік кредиттерді өтеу: аудандық бюджеттен қарыз алушы банктерге, заңды және жеке тұлғаларға берілген кредиттердің өтемі.
Тармақша 6
6) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер: ауданның коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер; мүліктік кешен түріндегі ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды және ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мүлікті сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарында 2004 жылы жоғарғы тұрған бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындарға 51482 мың теңге, оның ішінде:
Тармақша 1
1) жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерінің үлгілік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге – 6449 мың теңге;
Тармақша 2
2) жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға – 26401 мың теңге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық бейімдеу тұрғыда қолдау туралы» Заңын жүзеге асыруға – 1179 мың теңге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңын жүзеге асыруға - 17453 мың теңге, оның ішінде мәслихат аппаратының санын ұлғайтуға – 501 мың теңге және ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің аппараттарын ұстау үшін қосымша шығындарға – 13452 мың теңге көзделгендігі ескерілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен жалпы сомасы 322108 мың теңге, оның ішінде: табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге – 20000 мың теңге; үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге – 945 мың теңге; мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге – 142680 мың теңге; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерінің үлгілік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге – 14624 мың теңге; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға – 15153 мың теңге; жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға – 48843 мың теңге; орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға – 2667 мың теңге; мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне – 1528 мың теңге, оның ішінде міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге – 800 мың теңге, ымдау тілі мамандарының қызметіне – 86 мың теңге және жеке көмекшілердің – 642 мың теңге; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы және жер ресурстарын басқару мәселелерін мемлекеттік реттеу саласындағы жекеленген функциялар мен өкілеттіктердің жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілуіне байланысты – 2448 мың теңге, оның ішінде аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне – 703 мың теңге және аудандық жер ресурстарын басқару бөліміне – 1745 мың теңге; сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметіне – 13220 мың теңге; Береке ауылындағы су тазарту құрылымының және кентшілік су құбыры желілерінің құрылысына - 30000 мың теңге; сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 30000 мың теңге нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығысында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қаралып келген қаражат есебінен табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 19967 мың теңге көзделгені ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің шығысында Қазақстан Республикасында білім берудің 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуге және олардың материалдық – техникалық базасын нығайтуға бағытталатын қаражат ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда – 44511 мың теңгеден, оның ішінде:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарына қарасты объектілерді күрделі жөндеуге – 6000 мың теңге;
Тармақша 2
2)мемлекеттік білім беру мекемелеріне оқулықтар сатып алу мен жеткізіп беруге – 17235 мың теңге;
Тармақша 3
3) материалдық –техникалық базаны нығайтуға- 21276 мың теңге, оның ішінде жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға – 12161 мың теңге сомаларынан кем болмауы тиіс деп белгіленсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің құрамында әрбір ауылдық (селолық) округтердің әкімдерінің аппаратттарының бюджеттік бағдарламаларының қаржыландыру мөлшері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 906 мың теңге, оның ішінде:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві – 464 мың теңге;
Тармақша 2
2) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау үшін ауданның жергілікті атқарушы органының резерві- 442 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 3- қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарлмаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, бекітілсін.
Тармақ 10
10. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген бағдарламалар ескеріле отырып, секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттің бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті қолдау, қаржы және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы А.Есқариевқа жүктелсін.
Басқа 29
Аудандық әкімиятының 2006 жылғы желтоқсандағы № 317 қаулысына 3 -қосымша 2006 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбегі Функционалдық топ Әкімші Бағдарлама А т а у ы 01 Инвестициялық жобалар Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 112 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты 002 Ақпараттық жүйелер құру 122 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты 002 Ақпараттық жүйелер құру 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 4 Білім беру 464 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 004 Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 002 Білім беру объектілерін дамыту 06 Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 451 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 012 Ақпараттық жүйелер құру 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 004 Азаматтардың жекеленген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 003 Тұрғын үй салу 004 Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 008 Коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін кредит беру 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 005 Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту 006 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту 007 Көркейту объектілерін дамыту 08 Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңестік 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 011 Мәдениет объектілерін дамыту 008 Дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту 455 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 456 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі 004 Ақпараттық жүйелер құру 465 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 09 Отын – энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 009 Жылу– энергетикалық жүйені дамыту 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 462 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 463 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі 005 Ақпараттық жүйелер құру 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 010 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту 012 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту 11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 014 Ақпараттық жүйелер құру 468 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 12 Көлік және коммуникация 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл(село), ауылдық(селолық) округ әкімінің аппараты 012 Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 022 Көлік инфрақұрылымын дамыту 13 Басқалар 469 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі 002 Ақпараттық жүйелер құру 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 020 Ақпараттық жүйелер құру 4 Инвестициялық бағдарламалар Білім беру 464 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 010 Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту 13 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға инвестиция Басқалар 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 014 Заңды тұлғалардың капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 1 5196 014 Елді мекендерде сумен жабдықтауды ұйымдастыру 15196 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 18997 012 Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі 18997 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 60000 005 Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту 006 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту 60000 3 Елді мекендерді көркейту 11887 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 11887 008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру 5259 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 4087 010 Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу 600 011 Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру 1941 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 007 көркейтуобъектілерін дамыту 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік 82198 1 Мәдениет саласындағы қызмет 53851 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 49870 006 Жергілікті деңгейдегі мәдени – демалыс жұмыстарын қолдау 49870 455 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 3981 003 Мәдени – демалыс жұмысын қолдау 3981 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 011 Мәдениет объектілерін дамыту 2 Спорт 2012 465 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі 2012 005 Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту 006 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейінде спорттық жарыстар өткізу 629 007 Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 1383 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 008 Дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту 3 Ақпараттық кеңестік 17954 455 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 16696 006 Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі 16696 007 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту 456 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі 1258 002 Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу 1258 9 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер 8381 455 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2917 001 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 2917 456 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі 2676 001 Ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 2676 003 Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру 465 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі 2788 001 Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 2788 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 9023 1 Ауыл шаруашылығы 5470 462 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылық бөлімі 5470 001 Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 5470 003 Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету 004 Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 10 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту 2 Су шаруашылығы 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 012 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту 6 Жер қатынастары 3553 463 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі 3553 001 Жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 3553 002 Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстар 003 Елді мекендерді жер-шаруашылық орналастыру 004 Жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 5555 2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 5555 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 3087 001 Құрылыс бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 3087 468 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылыс бөлімі 2468 001 Қала құрылыс және сәулет бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 2468 003 Елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу 12 Көлік және коммуникация 1 Автомобиль көлігі 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 012 Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 13 Басқалар 4626 3 Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау 469 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі 001 Кәсіпкерлік бөлімі қызметін қамтамасыз ету 003 Кәсіпкерлік қызметті қолдау 9 Басқалар 4626 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 906 013 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) жергілікті атқарушы органның резерві 464 015 Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның резерві 442 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 3720 001 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 3720 15 Трансферттер 1 Трансферттер 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 006 Нысаналы трансферттерді қайтару ІІІ. Операциялық сальдо ІУ. Таза бюджеттік кредит беру Бюджеттік кредиттер Функционалдық топ Кіші функция Әкімші Бағдарлама А т а у ы Сомасы мың теңге Y. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо Қаржы активтерін сатып алу 13 Басқалар 9 Басқалар 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 014 Заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту Санаты Сыныбы Ішкі сыныбы А т а у ы Сомасы мың теңге YІ. Бюджет тапшылығы YІI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру 8 Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары
Басқа 30
Аудандық әкімиятының 2006 жылғы желтоқсандағы № 317 қаулысына 4 -қосымша 2007 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбегі Функционалдық топ Әкімші Бағдарлама А т а у ы 04 Білім беру 464 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 003 Жалпы білім беру Оның ішінде облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген бағдарламалар: 003 Жалпы білім беру