2007 жылы әскери оқу орындарына
үміткерлерді іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін маман офицерлерімен толықтыру мақсатында ШЕШЕМІН:
2007 жылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы от 04.12.2006 г. № 21 (2007 жылы әскери оқу орындарынаүміткерлерді іріктеу туралы)
1. Жылыой ауданында 2006 жылдың 10 желтоқсанынан 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін азаматтық жастар арасынан әскери-оқу орындарына үміткерлер іріктелсін.
2. Әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жүргізу жөніндегі комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (Т.Қалиев) (келісім бойынша):
1) Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім белгілеген күнге және сағатқа талапкерлерді дәрігерлік байқаудан өткізу үшін қажетті маман дәрігерлерді бөлу;
2) дәрігерлік құралдармен және дәрі-дәрмектермен дәрігерлік комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
3) 15 сәуірге дейін барлық әскери оқу орындарына түсуге талапкерлерді лабораториялық тексеруден өтуін қамтамасыз етіп, Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге үміткерлердің тиісті дәрігерлік құжаттарын тапсыру;
4) үміткерлермен ақыл-кеңес пунктінде жұмыс істеу үшін дәрігерлік психиатр бөлу ұсынылсын.
4. Жылыой ауданы білім беру бөлімі:
1) әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіруші жасөспірімдерді дәрігерлік комиссиядан өтетін күніне барлық қажетті құжаттарымен қамтамасыз етсін;
2) әскери оқу орындарына түсу емтиханына енетін пәндермен және дене шынықтырудан талапкерлермен қосымша сабақ өткізуді ұйымдастырып, олардың дене шынықтыру дайындығын Президенттік өлшемге сәйкес сынақ өткізсін.
5. Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді кәсіптік іріктеу және әскери-кәсіптік бағыттау жұмысын жүргізу жоспарын жасақтау;
2) әскери кәсіптік бағыттау жөнінде қажетті материалдар дайындап, жергілікті баспасөзге жариялау;
3) үміткерлерді дәрігерлік байқаудан өткізуге Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке апарып, кейін алып келуді жүзеге асыру;
4) 2007 жылдың 1 шілдесіне әскери оқу орнына үміткерлерді іріктеу жұмысының қорытындысы туралы аудан әкіміне хабарлау ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
7. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
«4» желтоқсан 2007 ж. А.Қоқатов
Атырау облысының ішкі істер
департаменті Жылыой ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы
«4» желтоқсан 2007 ж. Б.Рахметов
Жылыой аудандық емхананың
бас дәрігері
«4» желтоқсан 2007 ж. Т.Қыдырбаев
Жылыой аудандық ауруханасының
бас дәрігері
«4» желтоқсан 2007 ж. Т.Қалиев
Аудан әкімінің 2006 жылғы
4 желтоқсандағы № 21
шешіміне қосымша
Әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиясы құрамы
Қоқатов Ардақ Құлымжанұлы - Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы,
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Сағиев Мәжит -Жылыой ауданы әкімінің
орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Тулеуова Сара -Жылыой аудандық
емхананың мейірбикесі,
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Рахметов Бауыржан Үкібайұлы - Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы (келісіммен)
Тасымбаева Баян Тасымбайқызы -Жылыой аудандық
емханасының жасөспірімдер
дәрігері