Жылыой ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Аудандық әкімияты ұсынған Жылыой ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетін қарап, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-ІІ Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынандай көлемде бекітілсін: 1) кірістер – 4 915 054 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 4 438 138 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 19 206 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсімдер – 52 835 мың теңге; ресми трансферттердің түсімдері – 404 875 мың теңге; 2) шығындар – 4 915 054 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің табыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес мынандай түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленсін: 1) салықтық түсімдер: облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; республикалық бюджетке есептелінетін акциздерден басқа, акциздер; облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; заңды тұлғалардың мемлекттік тіркегені үшін алынатын алым; аукциондардан алынатын алым; жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқықтарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем; жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер; консулдық алымнан және республикалық бюджетке есептелінетіндерден басқа мемлекеттік баж; механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; республикалық және облыстық бюджетке есептелетін сомалардан тыс басқа да салықтық түсімдер. 2) салықтық емес түсімдер: ауданның коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивиденттер; аудандық өкілді органның шешімі бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялардан түсетін кірістердің түсімі; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін түсімдер; ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жалға беруден түсетін түсімдер; жергілікті мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден алынатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем; аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер); иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен ауданның коммуналдық меншігіне өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер; аудандық атқарушы органдар тарататын гранттар; оған қатысты лицензиялық тәртіп белгіленген казиноның, тотализаторлардың және ойын бизнесінің лицензиясыз қызметінен түскен алып қойылған кірістер түсімі; анықталмаған түсімдер; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемелекеттік мекемелердің дебитролық, депоненттік берешегінің түсімі; аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері; аудандық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер; республикалық және облыстық бюджеттерге есептелетін сомалардан тыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да салықтық емес түсімдер; 3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер: аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер; 4) ресми трансферттерден түсетін түсімдер: ағымдағы нысаналы трансферттер; нысаналы даму трансферттері; 5) бюджеттік кредиттерді өтеу: аудандық бюджеттен қарыз алушы банктерге, заңды және жеке тұлғаларға берілген кредиттердің өтемі. 6) мемлекеттің қаржы активтерін сатудн түсетін түсімдер: ауданның коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, ағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер; мүлікті кешен түріндегі ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды және ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мүлікті сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 3
3. Аудан бюджетінің облыстық бюджетке алым көлемі - 3 3 62 399 мың теңге көлемінде екені ескерілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарында 2004 жылы жоғарғы тұрған бюджеттерден мақсатты трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындарға мың теңгеге, оның ішінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге – 7 772 мың теңге;
Тармақша 2
2) жаңадан іске қосылған білім беру объектілерін ұстауға – 28859 мың теңге;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға – 12 717 мың теңге, оның ішінде мәслихат санын ұлғайтуға 2 813 мың теңге және ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің аппараттарын ұстау үшін қосымша шығындарға 9904 мың теңге көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен жалпы сомасы 404 875 мың теңге, оның ішінде: аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 10 000 мың теңге; мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын төлеуге 162 216 мың теңге; мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге – 6 481 мың теңге; жаңадан іске қосылған білім беру объектілерін ұстауға – 27 245 мың теңге; лингофондық және мультимедиалық кабинеттер құруға – 15 001 мың теңге; білім беру саласына қарайтын объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге 14 510 мың теңге; орта білім беру жүйесін аққпараттандыруға 12 437 мың теңге; үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетуге – 1 800 теңге; мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қаматамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілерінің қызмет көрсетуіне 1 728 мың; қалалаық телекоммуникация желілерінің азаматтардың телефонды абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге 119 мың теңге; жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға 5 300 мың теңге; елді мекендерді көшелерді жарықтандыруға 10 000 мың теңге; су бөлу жүйесінің қамтамасыз етуге 35 000 мың теңге; жергілікті атқарушы органдарға ауыл шарукашылық және жер қатынастары бөлімінің кейбір функцияларының берілуіне байланысты қосымша штат бірліктерін ұстауға 3 038 мың теңге мақсатты трансферттер; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға 100 млн теңге нысаналы даму трансфреті бөлінгелі ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығысындағы мемлекеттік атаулы көмекке қаралған қаражат есебінен аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлейге – 29 312 мың теңге көзделгені ескерілсін;
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығысында. Қазақстан Республикасында білім берудің 2005-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасының іс шараларын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуге және олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 64 107 мың теңге қаржы қаралғаны ескерілсін, оның ішінде: - 7,5 млн теңге білім брһеру бөліміне қарасты объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге; -материалдық техникалық базасын нығайтуға 24 433 мың теңге, оның ішінде 12 909 мың теңге мультимедиялық-лингафондық кабинеттер салуға; -оқулықтар алуға және жеткізуге 32 174 мың теңге.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің құрамында әрбір ауылдық /селолық/ округтердің әкімдерінің аппараттарының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру мөлшері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2006 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде облыстық Мәслихаттың шешімімен белгігенген бағдарламалар ескеріле отырып, секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттің бағдарламаларының тізбесін 3 – қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Жер қатынастары мен ауыл шаруашылық бөлімінің қосымша штат бірліктерін ұстау 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2007 жылдың 5 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 15
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 28-4 шешіміне 1 қосымша 2007 жылғы аудандық бюджет туралы мың теңге санат сынып ішкі сынып ерекшелік Кірістер 2007 І. Кірістер 4915054 1 Салық түсімдері 4438138 .01 Табыс салығы 632120 2 Жеке табыс салығы 632120 Әлеуметтік табыс 772537 .04 Меншікке салынатын салықтар 94630 .05 Таурларға,жұмыстарға және қызмет көрсетуге салынатын ішкі салықтар 5070 .08 Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және құжаттар бергені үшін оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лаузымды адамдар алатын міндетті төлемдер 19206 2 Салықтық емес түсімдер 8200 .01 Мемлекет меншігінен түсетін түсімдер .02 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет тер көрсетуді) өткізуінен түсетін түсімдер 4 1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет тер көрсетуді) өткізуінен түсетін түсімдер 4 .03 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет тер көрсетуді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері 20 1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет тер көрсетуді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері 20 .04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ак Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюжеттінен (шығыстар сметасынан) айыппұлдар,өсімпұлдар,санкциялар,өндіріп алулар 9800 1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ак Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюжеттінен (шығыстар сметасынан) айыппұлдар,өсімпұлдар,санкциялар,өндіріп алулар 9800 .06 Басқа да салықтық емес түсімдер 1182 1 Салыққа жатпайтын басқа да түсімдер 1182 3 Негізгі капитальды сатудан түсетін түсімдер 52835 .01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 20 1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 20 .03 Жерді және материалдық емес активтерді сату 52815 1 Жерді сату 52815 Ресми трансферттерден түсетін түсімдер 404875 .02 Мемлекеттік басқарудың жоғарғы тұрған органдарынан түсетін трансферттер 404875 2 Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер 404875 функция мекеме бағдарлама Шығындар аты Сомасы IV. Шығыстар 4915054 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсету 111148 1 Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді,атқарушы және басқа органдар 90570 112 Аудан маслихатының аппараты 8534 1 Аудан маслихатының қызметін қамтамасыз ету 8534 122 Аудан әкімінің аппараты 34711 1 Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету 34711 123 Қаладағы аудан,аудандық маңызы бар қала,кент,аул, ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 47325 1 Қаладағы аудан,аудандық маңызы бар қала, кент,аул, ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратының қызметін қамтамасыз ету 47325 2 Қаржылық қызмет 11810 452 Ауданның қаржы бөлімі 11810 1 Қаржы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 8599 3 Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу 580 4 Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты және біржолғы талондарды іске асырудан сомаларды жинаудың толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру 1831 11 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу 800 5 Жоспарлау және статистикалық қызмет 8768 453 Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 8768 1 Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 8768 2 Қорғаныс 1372 1 Әскери мұқтаждар 1372 122 Аудан әкімінің аппараты 1372 5 Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар 1372 Білім беру 1054194 1 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 89584 123 Қаладағы аудан,аудандық маңызы бар қала,кент,аул, ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 89584 4 Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету 89584 2 Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беру 957530 464 Ауданның білім беру бөлімі 957530 3 Жалпы білім беру 862250 4 Орта білім жүйесін ақпараттандыру 12437 5 Ауданның мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтармен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу 32174 6 Балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша білім беру 49469 7 Мектеп аралық олимпиадалар өткізуге 1200 9 Білім беру саласындағы өзге де қызметтер 7080 464 Ауданның білім беру бөлімі 7080 1 Білім беру бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 7080 6 Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 135414 2 Әлеуметтік көмек 121559 123 Қаладағы аудан,аудандық маңызы бар қала,кент,аул,ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 9643 3 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету 9643 451 Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 111916 2 Еңбекпен қамту бағдарламасы 32934 4 Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтік қамтамасыз ету,мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету 1965 5 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 14475 6 Тұрғын-үй көмегі 6501 7 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 13201 10 Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 1800 16 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар 39312 17 Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес,мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілімен мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету 1728 9 Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 13855 451 Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 13855 1 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 12830 11 Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу,төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу 1025 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 168526 1 Тұрғын үй шаруашылығы 100000 467 Ауданның құрылыс бөлімі 100000 4 Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру 100000 2 Коммуналдық шаруашылық 35000 458 Ауданның тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі 35000 12 Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі 0 467 Ауданның құрылыс бөлімі 5 Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту 33526 3 Елді мекендерді көркейту 33526 123 Қаладағы аудан,аудандық маңызы бар қала,кент,аул, ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 10000 8 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру 20394 9 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 3132 11 Елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру 56545 Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік 21218 1 Мәдениет саласындағы қызмет 21218 455 Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 21218 3 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 2506 2 Спорт 2506 465 Ауданның спорт бөлімі 882 6 Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу 1624 7 Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командалардың мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 3 Ақпараттық кеңістік 22961 455 Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 22461 6 Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі 22461 456 Ауданның ішкі саясат бөлімі 500 2 Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу 500 9 Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер 9860 455 Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 3351 1 Мәдениет жіне тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 3351 456 Ауданның ішкі саясат бөлімі 3500 1 Ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 3500 465 Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі 3009 1 Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 3009 10 Ауыл,су,орман,балық шаруашылығы,ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау,жер қатынастары 13162 1 Ауыл шаруашылығы 4718 462 Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі 4718 1 Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 4718 6 Жер қатынастары 8444 463 Ауданның жер қатынастары бөлімі 3144 1 Жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 3144 4 Жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 5300 11 Өнеркәсіп,саулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі 7782 2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 7782 467 Ауданның құрылысы бөлімі 3148 1 Құрылыс бөлімінің қызметін қамтамсыз ету 3148 468 Ауданның сәулет және қала бөлімі 4634 1 Қала құрылысы және сәулет бөлімінің қызметін қамтамасыз ету 4634 Басқалар 4512 9 Басқалар 4512 458 Ауданның тұргын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі 4512 1 Тұргын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің қызметін қамтамсыз ету 4512 15 Ресми трансферттер 3362399 1 Ресми трансферттер 3362399 452 Қаржы бөлімі 3362399 6 Нысаналы трансферттерді қайтару 7 Бюджеттік алулар 3362399
Басқа 16
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 28-4 шешіміне 2 қосымша Аудандық (селолық) округтер әкімдерінің аппараттарының бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру мөлшері мың тенге Бағ­дар­ла­ма­лар­дың ко­ды Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың ата­уы Мемлекеттік органдардың атауы Қала әкімі аппараты Қос­ша­ғыл Сар­қа­мыс Жаңа-Қаратон Ақ­кизто­ғай Қара-арна Жем Май­көм­ген Бар­лы­ғы 123001 Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, (селолық) округтің әкімі 12950 7259 5703 4595 5719 6263 4836 47325 123004 Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету 89584 89584 123003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету 7820 388 351 723 361 9643 123008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 5032 180 4248 180 180 180 10000 123009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 16294 800 1100 550 550 550 550 20394 123011 Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру 3132 3132 барлығы 134812 8627 0 11402 5325 7172 7354 5386 180078
Басқа 17
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 28-4 шешіміне 3 қосымша 2007 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген бағдарламалар ескеріле отырып, секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттің бағдарламаларының тізбесі Функц.топ Мекеме Бағдарлама 4 Білім 464 Білім бөлімі 3 Жалпы білім беру
Басқа 18
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 28-4 шешіміне 4 қосымша 2007 жылға ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қосымша штат бірліктерін ұстауға облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің көлемі мың теңге Функц.топ Мекеме Бағдарлама Шығындар 10 Барлығы 3038 462 1 662 463 1 2376