Аудан көлемінде 2007 жылға сыртқа /көрнекі/ жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан көлемінде 2007 жылға сыртқа /көрнекі/ жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы туралы Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бап 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодекісінің 491 бабының, 2 тармағына және аудандық әкімияттың 2006 жылғы 15 қарашадағы №391 «Аудан көлемінде 2007 жылға сыртқы /көрнекі/ жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы туралы» қаулысын қарап, аудандық Мәслихаттың ХХVІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ай сайын төленетін сыртқы / көрнекі / жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері төмендегідей көлемде бекітілсін: № Жарнама көлемі және түрлері Төлем ақысы 1 Бұйырмалар, жарнамалық ілімдер, жаңалық тақташалары /қабырғалық, төбе қондырғалары/ 5 шаршы метрге дейін 1 айлық есептік көрсеткіш 2 Бұйырмалар, жарнамалық ілімдер, жаңалық тақташалары /қабырғалық, төбе қондырғалары/ 5 тен 10 шаршы метрге дейін 2 айлық есептік көрсеткіш 3 10 нан 20 шарша метрге дейінгі жарнама тақташалары 5 айлық есептік көрсеткіш 4 20 дан 50 шаршы метрге дейінгі жарнама тақташалары 10 айлық есептік көрсеткіш 5 50 ден 70 шаршы метрге дейінгі жарнама тақташалары 15 айлық есептік көрсеткіш 6 70 тен 100 шаршы метрге дейін жарнама тақташалары 20 айлық есептік көрсеткіш 7 Жолаушы көлігі жарнамасы /автобус, микроавтобус, такси, жүкті машина/ 1 айлық есептік көрсеткіш 8 Көрмедегі жазулар немесе бейнелер түріндегі жарнама 1 айлық есептік көрсеткіш 9 Ауа шарындағы жарнама 10 айлық есептік көрсеткіш 10 Лазерлік жарнама қондырғылары 30 айлық есептік көрсеткіш 11 Мемлекеттік органдардың өз жүйелерін жүзеге асырудағы жарнама жазулар 0 12 Бюджетпен қаржыланатын мекемелердің өз жүйелерін жүзеге асырудағы жарнама жазулар 0 Ескертпе: айлық есептік Қабылданған көрсеткіш 2007 жылға республикалық бюджет Туралы заңына сәйкес.
Тармақ 2
2. «Аудан көлемінде 2006 жылға сыртқы көрнекі жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы» аудандық Мәслихаттың 23 қараша 2005 жылғы №19/5 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.