2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алатын айлық төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 491-бабының 2-тармағын басшылыққа алып және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2006 жылғы 30 қазандағы №1467 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алатын айлық төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін от 15.12.2006 г. № 303-XXXIY (2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алатын айлық төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін)
1. 2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы №184-XXXIY «2006 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері туралы» (2006 жылы 26 желтоқсанда 4-8-36 мемлекеттік тіркелген) шешімнің күші 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш.Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Ғ.Мырзағалиев
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№303-XXXIY шешімімен бекітілген
қосымша
2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері
Рет
саны
Жарнамалар көлемі және түрі
Төлем
ставкасы
1
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 5 кв/м дейін
1 айлық есептік көрсеткіш
2
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 5-тен 10 кв/м дейін
2 айлық есептік көрсеткіш
3
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 10-нан 20 кв/м дейін
5 айлық есептік көрсеткіш
4
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 20-дан 50 кв/м дейін
10 айлық есептік көрсеткіш
5
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 50-ден 70 кв/м дейін
15 айлық есептік көрсеткіш
6
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 70-тен 100 кв/м дейін
20 айлық есептік көрсеткіш
7
Жолаушы көліктер құралдарының (автобустар, микроавтобустар, таксилер, тасымалдау көліктері)
2 айлық есептік көрсеткіш
8
Көрмедегі жазулар немесе бейнелер түріндегі жарнама, витриналардағы жазбалар және көріністер
1 айлық есептік көрсеткіш
9
Әуе шарларындағы жарнамалар
10 айлық есептік көрсеткіш
10
Лазерлік жарнамалық қондырғылар (экран кеңістігі бойынша)
10 айлық есептік көрсеткіш
11
Мемлекеттік органдардың өз жүйелерін жүзеге асырудағы жарнама жазулар
0
Ескерту: Айлық есептік көрсеткіш 2007 жылға қабылданған мемлекеттік бюджет заңына сәйкес