2007 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 қаулысын басшылыққа алып және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2006 жылғы 10 қарашадағы №1522 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы №185-XXIY "2006 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне жекелеген түріне тіркелген жиынтық салық ставкалары және акциз ставкасының мөлшері туралы” (2005 жылы 26 желтоқсанда 4-8-37 мемлекеттік тіркелген) шешімінің күші 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет және салық саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Ғ.Мырзағалиев
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№305-XXIY шешіміне қосымша
2007 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері
№
Ойын бизнесі түрлері және салық салу
объектілері
Тіркелген жиынтық
салық ставкаларының
мөлшері (теңге)
жылына
1
Ойын үстелі
2200 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*2200)
2
Ақшалай ұтысы бар әрбір ойын автоматтар үшін (ойыншымен)
70 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*70)
3
Ақшалай ұтысы бар әрбір ойын автоматтар үшін (ойыншыдан жоғары)
80 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*80)
4
Электрондық рулетка үшін
100 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*100)
5
Тотализатор кассасы үшін
600 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*600)
6
Букмекерлік кеңсе кассасы үшін
100 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*100)
7
Ұтысы жоқ әрбір ойын автоматы үшін (1 ойыншымен)
30 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*30)
8
Ұтысы жоқ әрбір ойын автоматы үшін (1 ойыншыдан жоғары)
40 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*40)
9
Ойынға арналған дербес компьютер үшін
10 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*10)
10
Ойын жолы
55 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*55)
11
Карт
25 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*25)
12
Бильярд столы
113 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*113)
13
Лото ұйымдастырушы
100 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК*100)
Ескертпе: Айлық есептік көрсеткіш 2007 жылға қабылданған мемлекеттік бюджет заңына сәйкес