2007 жылға арналған аудан бюджетін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған аудан бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде және ауданның бюджет комиссиясында қаралып нақтыланған аудан әкімиятының 2006 жылғы 3 желтоқсандағы №364 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудан бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) табыстар барлығы – 2369464 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 651678 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6650 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1314 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 1709822 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 2369464 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо – мың теңге;
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің табыстары Бюджет кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:
әлеуметтік және жеке табыс салығы;
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлікке салынатын салықтар;
жер салығынан;
көлік құралдарына салынатын салықтан;
бірыңғай жер салығынан;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымдар;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымдар;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттіктіркегені үшін алынатын алымдар;
жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымдар;
сотқа берілетін талап арыздан ерекше өндірістегі істер бойынша арыздардан, жүгіне шағымдарынан, атқару парағының көшермесін беру туралы мәселе бойынша сот анықтамасына жеке шағымдардан сондай-ақ шет ел соттары мен төрелік соттарының парақтарының көшірмесін бергені үшіни алынатын мемлекеттік баж;
азамататық хал-актілерін тіркеуге;
тұрғылықты жерге тіркегені үшін алынатын баж;
жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір тіркегені үшін және қайта тіркегені үшін алынатын мемлекеттік баж;
қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып журуге тасымалдауға, Қазақстан республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
Салықтық емес түсімдер:
Комманалдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін түсімдері;
Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер;
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсетілетін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер;
Жергілікті мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялардан түсетін түсімдер;
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер:
Жер учаскелерін сатудан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бектіліген мүлікті сатудан түсетін түсім;
Ішкі несиелерді қайтару;
Тармақ 3
3. Аудан бюджетіне барлық мемлекеттік салық түсімдерінен 2007 жылға берілетін жалпы сома нормативі келесі мөлшерде бектілісін:
Жеке тұлғалардың төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша- 100 пайыз;
Жеке тұлғадан жеке табыс салығы бойынша төлем көздерінен ұсталмайтыннан - 100 пайыз;
Бір реттік талон бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша – 100 пайыз;
Әлеуметтік салық бойынша- 100 пайыз;
Тармақ 4
4. Тиісті бюджеттің кірісіне:
Төлеушілер өткен кезеңдер үшін бұрын зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыспен қамту жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешекті сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын жол қорына түсіп келген аударымдарын бюджеттік жіктемеге сәйкес бюджет кірісіне «Әлемуеттік салық» кодна аударуға тиіс деп белгіленсін;
Тармақ 5
5. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі 2007 жылға – 1038358 мың теңге болып белгіленсін.
Тармақ 6
6. Ауылдық жерде жұмыс жасайтын білім беру денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, мәдениет және тіл дамыту мамандарына қала жағдайында қыхметтің осы түрімен айналысатын мамандардың ставкалаырмен салыстырғанда 25 пайыз жоғары жалақылар мен ставкалар белгіленсін.
Тармақ 7
7. Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет саласындағы мамандаға отын сатып алуға 5000 мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджетке 2 қосымшаға сәйкес үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілу 1575 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
9.2007 жылға арналған аудандық бюджеттте 3 қосымшаға сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының көмекшілердің қызметтер көрсетуіне 711 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 10
10. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте 4 қосымшаға сәйкес аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балалырна мемлекеттік жәрдемақылар тқлеуге 53300 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы көзделгені ескерілсін.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік атаулы атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге көзделіп келген қаражат есебінен 4 қосымшаға сәйкес аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына аудандық бюджетте мемекеттік жәдемақылар төлеуге кемінде 65946 мың теңге сомасында шығыстар көзделуі тиіс екендігі ескерілсін.
Тармақ 12
12. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерне жалақы төлеуге 173653 мың теңге ағымдағы нысаналы трнасферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, оның ішінде
5 қосымшаға сәйуес орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгі талаптарын ұстауды қамтамасыз етуге – 34263 мың теңге;
6 қосымшаға сәйкес жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға – 26054 мың теңге;
7 қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингофондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға – 7361 мың теңге ағымдағы трнасферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 14
14. 8 қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған бюджетте ауылшаруашылығы және жер ресурстарын басқару мәселелерін мемлекеттік реттеу саласындағы жекеленген функциялар мен өкілеттіктердің жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілуіне байланысты республикалық бюджеттен -3075 мың теңге, оның ішінде: ауылшаруашылығы бөліміне -1880, жер қатынастары бөліміне – 1745 мың теңге ағымдағы трнасферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 15
15. 9-қосымшаға сәйкес 2005-2007 жылдары білім беруге күрделі жөндеуге және олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған шығындар көрсетілген көлемдерден кем болмауға тиіс деп белгіленсін.
Тармақ 16
16. Орта білім жүйесін ақпараттандыру үшін – 10237 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 17
17. Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі үшін -0,290 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 18
18. Қысқы мерзімге дайындық үшін 50000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 19
19. 2007 жылға арналған бюджетте орлы селосындағы блоктык су жөндеу құрылымдары және кентішілік су құбыры желілілеріне 40000 мың теңге нысвналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін.
Тармақ 20
20. Нұржау ауылындағы блоктык су тазарту құрылымдары және кентішілік су құбырыр желілеріне 40000 мың теңге сомасындағы нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 21
21. 2007 жылға арналған бюджетте Дашино ауылындағы блоктык су құрылымдары және кентішілік су құбыры желіліерін 50000 мың теңге ағымдағы нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 22
22. Сафон ауылындағы блоктык су тазарту құрылымдары және кентішілік су құбырыр желілірене 50000 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 23
23. Көптоғай ауылындағы блоктык су тазарту құрылымдары және кентішілік су құбырыр желілірене 40000 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 24
24. Приморье ауылындағы блоктык су тазарту құрылымдары және кентішілік су құбырыр желілірене 40945 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 25
25. Коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін 20000ммың теңге ағымдағы нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 26
26. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде сумен жабдықтау жүйесі үшін 20000 мың теңге сомасындағы нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 27
27. 2007 жылға жергілікті атқарушы органдардың резерв қоры мың теңге көлемде белгіленсін, оның ішінде:
Төтенше резервке – 11500 мың теңге;
Кейінге қалдырмайтын шығыстар резервіне- 500 мың теңге;
Тармақ 28
28. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдардың және өкілетті органдардың шешіміне сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға айқындалған заңды тұлғалардың берешектер көлемдері бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен міндеттемелерде орындауға бөлінген кредиттер мен қаражаттар жөнінідегі тоқтатылатын болып белгіленсін.
Тармақ 29
29. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің даму бағдарламасының келесі 10 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 30
30. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу процесінде қысқартуға жатпайтын жергілікті бюджеттің тізбесі 11 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 31
31. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет және салық саячаты жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Жалелов) тапсырылсын.